Полиция бөлімі, архив сурет

Қостанай облысында белгісіз біреулер полиция ғимаратына оқ жаудырды

265
(Жаңартылды 08:31 22.10.2018)
Өңірдің полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, ұсталған күдікті бұрын полицейлерге тіл тигізгені үшін жауапқа тартылған

ҚОСТАНАЙ, 20 қазан — Sputnik. Меңдіқара АІІБ полиция қызметкерлері полиция ғимаратына оқ жаудырған 35 жастағы күдіктіні ұстады.

Қостанай облысының полиция департаменті хабарлағандай, 35 жастағы ер адам шабуыл жасалғаннан кейін үш күннен соң қолға түскен.

"Біз оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын анықтады, ол полиция қызметкерлеріне бағынбай, тіл тигізген", — деп хабарлады облыстың ІІД полиция подполковнигі, қылмыстық полиция басқармасы басшының орынбасары Ерлан Рахимов.

Оның айтуынша, ұсталған азаматтың әрекеті "Арнайы мемлекеттік құқық қорғау органының қызметкеріне қастандық жасау" бабы бойынша қаралады, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Рахимов тергеуге зияны тиеді деп тілшілерге басқадай мәлімет берген жоқ.

Меңдіқара АІІБ-не 16 қазанда белгісіз біреулер көлікпен келіп, оқ жаудырды. Төтенше оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

265
Кілт сөздер:
күдікті, төтенше жағдай, шабуыл, полиция, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті
Қостанайда полицей өлі табылды: құнды заттарына ешкім тиіспеген
Қостанайда 4 полицей төбелесіп қалды
Шымкентте полицей жұмбақ жағдайда өлді: емханада ем қабылдап жатқан
Загрузка...