Автобус

Түркістан облысында қарулы топ жолаушылар автобусына оқ жаудырды

503
(Жаңартылды 18:18 08.11.2018)
Шымкент полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр

АСТАНА, 7 қараша — Sputnik. Шымкенттің құқық қорғаушылары Алматы – Ташкент жолында жолаушылар автобусына оқ жаудырған Түркістан облысының бірнеше тұрғынын ұстады.

Шымкенттің полиция департаменті хабарлағандай, төтенше жағдай 5 қарашада болған.

Түркістан облысының бірнеше тұрғыны көлік ішінен травматикалық тапаншамен жолаушылар автобусына оқ жаудырыпты. Көлік пен автобус бір бағытта кетіп бара жатқан екен. 

Күдіктілер көп ұзамай ұсталды. Қазір Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.

Полиция ұсталғандардың қаруды қайдан алғанын анықтауы тиіс. Травматикалық тапанша азаматтық қолданыстан бірнеше жыл бұрын алынып тасталған, күзет қызметкерлері ғана алып жүруге құқылы.

503
Кілт сөздер:
полиция, тапанша, оқ ату, қарулы шабуыл, жолаушылар автобусы, Шымкент
Тақырып бойынша
Қостанай облысында белгісіз біреулер полиция ғимаратына оқ жаудырды
Алматыда полицей әріптесіне оқ атты: министр істің мән-жайын айтты
Әріптесі оқ атқан полицей ауруханада көз жұмды
Полицей әріптесіне оқ атты: қылмыскер мен жәбірленуші туыс болып шықты
Алматыда полицей әріптесіне оқ атты
Қала орталығында ер адам полицейлерге оқ жаудырды - видео
Белгісіз адамдар Анкарадағы АҚШ елшілігіне оқ жаудырды
Загрузка...