Пышақ

Қызылордада полицей қайын әпкесін пышақтап тастады

1277
(Жаңартылды 12:37 19.11.2018)
Құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметшісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

ҚЫЗЫЛОРДА, 16 қараша — Sputnik. Қызылордада ішімдікке тойып алып әйелінің әпкесін өлтірген полицейге қатысты сот аяқталды.

"Алдымен сотталушы әйелімен сөзге келіп, оны соққыға жығады. Күйеуіне ренжіген әйел әпкесіне барып, болған жағдайды айтып берген", — деп хабарлады Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың мамандары.

Марқұм жағдайды ретке келтіру үшін күйеу баласымен сөйлеспек болады. Ол сотталушыдан әйелін не үшін ұрғанын сұрап, оның үстінен құқық қорғау органдарына арыз жазғанын және алдағы уақытта күйеу баласының жұмысына барып, басшылыққа отбасында болып жатқан жайсыз жағдайларды жеткізетінін айтып қорқытады.

"Бірақ бұл уақытта сотталушы мас болған. Ол қолына пышақ алып, қайын әпкесінің кеудесіне сұғып алады", — деп хабарлады соттағылар.

Әйел есін жимаған күйі ауруханада көз жұмды. Қылмыскер сот алдында жауап берді.

Қызылорда облысында қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен ол ҚР ҚК 99-баптың 1-бөлігі бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары қылмыстық-атқару мекемесінде  өтейді.

Тағы оқыңыз:

Бұдан өзге ер адам полиция аға лейтенанты шенінен айырылып, жәбірленуші тарапқа екі миллион теңге (шамамен 5,4 мың доллар) көлемінде моральдық шығын төлеуге міндеттелді.

1277
Кілт сөздер:
ер адам, әйел, қылмыстық іс, сот, полицей, Қызылорда облысы
Тақырып бойынша
Шымкенттегі үйлену тойында қонақты пышақтап, маңдайына оқ атты
Әкесін пышақтап өлтірген апалы-сіңлілі қыздар қамаудан босатылды
Балабақшадағы сұмдық: тәрбиеші үш баланы пышақтап тастады
Алматыда жұмыстан кеш шыққан қызды пышақтап кетті: қаныпезер әлі бостандықта жүр
Полиция әйелін пышақтап, өзіне қол салған ер адамға қатысты мәлімет берді
Жігіт қыз алып қашып, кейін оны полиция бөлімшесінде пышақтап тастады
Түркістанда әкесі балаларының көзінше анасын пышақтап өлтірді
Загрузка...