Оқиға

Алматыда бірнеше БАҚ-тың редакциясы эвакуацияланды — фото

© Sputnik / Владислав ВодневПолиция көлігі
Полиция көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласында жедел құтқару қызметі Республика алаңында орналасқан ғимараттың ішінен бомба іздеп жатыр

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. КТК телеарнасының редакциясына аталған телеарнаның және бірнеше өзге ақпарат құралдарының ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар келіп түсті.

Бұл хабарды КТК жаңалықтар қызметі күннің алғашқы жартысында естіді. Кейін оны журналистер дереу Алматы қаласы полиция департаменті жедел басқарма орталығына жеткізді.

Санаулы минут ішінде ғимаратқа патруль жасағы келіп, адамдарды қауіпсіз жерге көшірді. Кейін полицейлерге төтенше жағдай бойынша қалалық департаменттің қызметкерлері қосылды.

"Адамдар қауіпсіз жерге жылдам көшірілді және қазір біздің қызметкерлер, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, прокуратура және ҰҚК ғимараттың ішінде қауіпті заттардың бар-жоғын тексеріп жатыр", — деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазірдің өзінде полицейлер ҚР ҚК 273-бабы "Терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату" бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Кімнің және қайдан қоңырау шалғаны анықталып жатыр. Қылмыскер ұсталған жағдайда 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0