Науқас

Алматыда жекеменшік емханада екпе салғаннан кейін әйел көз жұмды

659
(Жаңартылды 16:06 25.11.2018)
Бастапқы деректер бойынша, екі баласы бар әйелдің жүрегі тоқтап қалған

АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Алматыда наркоз салғаннан кейін әйел адам қайтыс болды. Дәрігерлер науқастың өміріне араша түскенімен, еш нәтиже болмаған. 24 жастағы Ақбота Жалмұратова "полиптерді" алдырту үшін операция жасатпақ болыпты. Алайда накроз салған бойда әйелдің жағдайы күрт нашарлап кетті.

Марқұм әйелдің туыстарының айтуынша, дәрігерлер науқасты қарап, аллергиясы бар ма, жоқ па екенін тексермеген.

"Бізге жағдайы нашарлап кеткенін хабарлады, ес-түссіз жатыр деді. Дәрігерлерге сеніп қалды. Олар жауапсыз болып шықты", — деп хабарлайды көз жұмған әйелдің әпкесі Феруза Байболаева КТК арнасына.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті берген мәлімет бойынша, полицейлер сұрату жіберген бойда тексеріс басталады.

Ал емхана болған жайт туралы ешқандай ақпарат берген жоқ. Марқұмның туыстары дәрігерлер жазасын алғанын қалайды, полицияға шағым түсірген. Әйелдің артында кішкентай екі баласы қалды.

659
Кілт сөздер:
қаза, әйел адам, жекеменшік емхана, Алматы
Тақырып бойынша
Дәрі ішіп арықтамақ болған 18 жастағы бойжеткен көз жұмды
Алматыда әйел басына мұз түсіп көз жұмды — видео
"Күтпеген жерден..." Астанада тағы екі жүкті әйел көз жұмды
Загрузка...