Телефон, архивтегі сурет

Алматыда студенттің ажалына ұялы телефон себеп болды

6019
(Жаңартылды 12:16 01.12.2018)
Жанары жасқа шыланған ана баламның өліміне бірнеше адамның қатысы бар дейді

АСТАНА, 30 қараша — Sputnik. Алматыда құрдасының қолынан қаза тапқан колледж студенті Дастан Мұсаханның өліміне ұялы телефон себеп болған.

Марқұмның анасы Динара Ыдырысованың айтуынша, ұлының телефонын староста тартып алғаннан соң курстастар арасында ерегіс шығып, кикілжің адам өлімімен аяқталған. Бала сол күні әдеттегідей сабаққа кеткен. Түстен кейін оқу ордасынан қоңырау шалып, ұлының талып қалғанын жеткізіпті, деп хабарлады КТК. 

"Күйеуіміз екеуміз бірге бардық. Барғанда бала өліп жатты. Бізді жақындатпады, кіргізбеді, көрсетпеді. Артынан бәрі біткеннен кейін кіргізіп көрсетті. Баламыздың бетін ғана көріп үлгердік", — дейді азалы жан.

Дастан Мұсахан биыл 9-шы сыныптан соң Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжіне түсіпті. Қайғылы оқиға болған күні сабақ үстінде староста марқұмның қолындағы телефонын тартып алады. Кейін сыртқа шығып қайтарып алмақ болғанда бір топта оқитын студенттер арасында кикілжің басталған көрінеді.

Жанары жасқа шыланған ана баламның өліміне бірнеше адамның қатысы бар дейді. 

"Тек бір бала ғана мойнына алып отыр. Мен бұған сенбеймін. Себебі, қасындағы екі баланың қатысы бар деп ойлаймын", — дейді Динара Ыдырысова.

Сараптаманың қортындысында басына қан құйылған деп жазылған. Яғни ауыр затпен соққы жасалған. 

 

 

Колледж қызметкерлері кәмелет жасына толмаған күдіктінің бүгін де сабақта болғанын растады. Бірақ полицейлердің мәліметі мүлдем басқа.

"Сезіктіні уақытша оқшаулау абақтысына қамауға шешім қабылданды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктіге "абайсызда кісі өлтірді" деген айып тағылған", — дейді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.  

 

 

 

6019
Кілт сөздер:
телефон, жаппай төбелес, колледж, студенттер, Алматы
Тақырып бойынша
Мектеп оқушысы өзін келемеждеген сыныптасын атып өлтірді
Сыныптасын орманға апарып пышақтаған қыз жындыханаға жатқызылады
Он үш жасар бала құрдасын ірімшікпен өлтірді
Елордадағы көпір

Нұр-Сұлтанда көпір құлады фото

2654
Көпірде жөндеу жұмысын жүргізу кезінде апат болды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Елордада Алаш шоссесіндегі көпірдің бөлшегі теміржол рельстеріне құлады.

Астаналық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жолды тазалау жұмысын жүргізіп жатыр. Мамандар көпірді демонтаждап жатыр.

Обрушение моста
© Photo : ДЧС Нур-Султана
Елордадағы көпір

Пойыздар тоқтаған жоқ. Көпірдің тек сол жағында ғана көлік жүрмейді.

"Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Наурыз айында өтпежол тексерілген, нысан апаттық жағдайда деп танылды. Бұл көпірде қозғалыс шектелген еді. Көпірдің тек бір бөлігі ғана көлік үшін ашық болатын", - деді астаналық департаментте. 

Айта кетсек, жылдың басында астана әкімі Алтай Көлгінов мамандар бұл көпірді кешенді тексеруге кіріскенін айтты.

2654
Кілт сөздер:
фото, көпір, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Полиция көпір үстіне шығып кеткен алматылық туралы ақпарат таратты – видео
Шымкентте автокөлік көпірге соғылып, жолаушы өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда жедел жәрдем көпірге соғылды
Атырауда көпірден секіргелі тұрған қызды полицейлер көріп қалды – видео
Қаскелеңде ер адам көпірден секірмек болды – видео
Дельтаплан, иллюстративті фото

Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам жартасқа соғылды видео

956
(Жаңартылды 13:05 20.09.2020)
Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жардан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстауда дельтапланмен ұшқан ер адам құлап, екі қолын сындырып алды.

Аймақтық инАктау басылымының хабарлауынша, оқиға өткен сенбі күні Шопан ата қорымына жетпей, Қарақия аймағындағы жартастардың бірінде болған.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Бекболат Әбдіқадіровтің айтуынша, төтенше жағдай туралы хабарлама сағат 18:12-де түскен. 

"Дельтапланмен ұшу кезінде 1988 жылы туған ер адам жартасқа соғылып, жарақат алған. Атап айтқанда, екі қолы сынғандықтан, ол оқиға орнынан өздігінен қозғала алмаған. Бізге түскен хабарлама негізінде Жаңаөзен қаласының №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бес құтқарушысы көмекке жұмылдырылды", – деді бөлім басшысының орынбасары.

Құтқарушылар альпинистік құрылғылардың көмегімен ер адамды жартасты қиядан төмен түсіріп, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Оқи отырыңыз: Орал маңында қолдан жасалған ұшақ құлады – ұшқыш қаза тапты

956
Кілт сөздер:
Маңғыстау облысы, оқиға
Тақырып бойынша
Алматы маңында SCAT ұшағына құс соғылды – оқиғаның мән-жайы
"Қытай ұшағы радиоактивті зат шашып жүр": ақпаратқа түсініктеме берілді
Навальный мінген ұшақ шұғыл түрде Омбыға қонды – оппозиционер комада жатыр
"Ұшақты атқылаған": үш жыл бұрынғы әуе апатына қатысты жаңа дерек шықты
Путинді ақтырналармен бірге ұшуға үйреткен пилот қаза болды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0