Оқиға

Ақтауда автокөлік жарылды: оқыс оқиға видеоға түсіп қалды

© Photo : pixabay.comЖанып жатқан автокөлік, архивтегі сурет
Жанып жатқан автокөлік, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдай қала орталығындағы музыкалық драма театрдың жанында болған

АСТАНА, 8 желтоқсан — Sputnik. Ақтауда автокөлік жарылған сәт видеоға түсіп қалды. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жарылыс болған сәт түсірілген видеороликті желі қолданушылары жіберді, деп жазды Lada.kz. 

Онда жанып жатқан автокөлік жарылып кеткені көрінеді. Бұл кезде өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатқан.  

Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғадан ешкім зардап шекпегенін хабарлады. 

Төтенше жағдай Ақтау қаласының орталығындағы музыкалық драма театрдың жанында болған. 



Жаңалықтар
0