Оқиға

Атырау-Орал тасжолында бір отбасы қаза болды

© Photo : Rico_LoebЖолдағы белгі, архивтегі сурет
Жолдағы белгі, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ВАЗ автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, жүк көлігіне соққан

АСТАНА, 10 желтоқсан — Sputnik.  Атырау-Орал трассасында жол апатынан бір отбасы ажал құшты, деп жазды Ақ Жайық.  

Газ жанарғысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды

7 желтоқсанда кешке Атырау облысының Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылы тұсында "ВАЗ21104" көлігі қарсы бетке шығып кетіп, ауыр жүк көлігіне (фура) соққан. Оқиға салдарынан ВАЗ-дың 1974 жылғы жүргізушісі мен оның әйелі және 15 жастағы қызы қаза болды.   

Сол күні түнде Атырау-Индер трассасының Индер ауданы Құрылыс ауылы тұсында 52 жастағы ер адамды КамАЗ автокөлігі қағып, жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Екі оқиға бойынша сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүріп жатыр. 

 
Жаңалықтар
0