Автобус, архив сурет

Алматы орталығында жүріп келе жатқан автобус отқа оранды - видео

270
(Жаңартылды 18:08 20.12.2018)
Зардап шеккендер туралы хабар жоқ

АСТАНА, 20 желтоқсан — Sputnik. Алматыда жүріп келе жатып, өртене бастаған автобустың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. 

Автобустың арт жағы отқа оранғанда Абай мен Абылайхан көшелерінің қиылысында тоқтап, ішінен жолаушылар қашып шыға бастады.

Оқиға куәгері автобустың жана бастаған сәтін алматылық Instagram топтардың бірінде жариялаған екен.

Бір сағат ішінде видеоны 14 мыңнан астам адам тамашалады.

Желі қолданушылары жолаушылар автобустан жанталаса шығып жатқанда, жүргізуші өртті сөндіру үшін ешқандай әрекет жасамады деп ашуланды.

270
Кілт сөздер:
видео, төтенше жағдай, жолаушылар, қоғамдық көлік, автобус өрті, Алматы
Тақырып бойынша
Арал түбіндегі өзбектер мінген автобус апаты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Ресейде 17 жолаушы мінген қазақстандық автобус аударылды
Ресейде 46 қазақстандық мінген автобус апатқа ұшырады
Автобус ішіндегі төбелес 13 адамның өліміне алып келді - видео
Ақтөбедегі автобус өрті: 52 өзбектің туыстары 21 миллион доллар талап етті
Загрузка...