Лифт, иллюстративті фото

Атырауда бойжеткен лифт шахтасына құлап кетті

655
(Жаңартылды 18:48 26.12.2018)
Зардап шеккен қыздың жағдайы тұрақты, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы

АСТАНА, 23 желтоқсан — Sputnik. Төтенше оқиға жексенбі күні таңертең тоғыз қабатты тұрғын үйде болған.  

Құтқарушыларға хабарлама 23 желтоқсан күні таңғы 6-да түсті, деп жазды "Мой город". 22 жастағы қыз лифт шахтасына құлап кеткен.  

 "Зардап шегуші облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне жатқызылды", — деп хабарлады облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қыздың жағдайы тұрақты, деп нақтылады өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Дәрігерлер оған "сол иық айдаршығының жабық, жарықшақтанған буын ішінде сынуы" деген диагноз қойды. Сондай-ақ арқасы, белі және сол жақ жамбасының терісі қатты сыдырылып, көгеріп қалған.

Төтенше жағдай кезінде лифте төрт жолаушы болған, деп мәлімдеді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат Қабиев. 

"Біз лифтің жай-күйін тексердік, көтергіш зақымданбаған, еш жері бұзылмаған. Лифт бесінші және төртінші қабаттар арасында апатты жағдайда тоқтағаннан кейін қыз авариялық қызметті шақырудың орнына, өздігінен лифтен шықпақ болып, шахтаға құлап кеткен. Оның артынан лифт шахтасына жас жігіт түскен. Құтқару операциясы кезінде лифт шахтасындағы екі жолаушы шығарылды,  лифтіде қалған екі адам да құтқарылды", — деп түсіндірді ол.

Мамандар лифтінің апатты жағдайда тоқтауының себептерін анықтап жатыр.   


655
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, лифт, Атырау
Тақырып бойынша
Теміртауда лифтіде болған жантүршігерлік оқиға жұртты есеңгіретіп қойды
Ақтөбедегі лифтіде жаншылып өлген тележүргізуші ісі: сотта жаңа деректер шықты
Лифтіде жаншылып өлген журналистің анасы кінәлілерді қатаң жазалауды сұрады
Загрузка...