Өрт сөндіруші

Астана жатақханаларының бірінде өрт болды

182
(Жаңартылды 20:20 27.12.2018)
Құтқарушылар жанып жатқан ғимараттан 30 адамды алып шықты, олардың ішінде 12 бала бар

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Астананың оң жағалауында түстен кейін төтенше оқиға болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер үйде тұратын 30 адамды эвакуациялады, олардың ішінде 12 бала бар.

Астанада жатақхана өртенді
© Foto : ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитеті ұсынған
Астанада жатақхана өртенді

"15:51-де өрт сөндіру қызметінің пультіне жатақхана ретінде берілген тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар келді. Үшінші қабат пен мансарда арасында он шаршы метрді алатын ағаш баспалдақ өртеніпті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", — деп хабарлады өрт сөндіру қызметі.

Өртті сөндіруге жарты сағат кеткен. Себебі анықталып жатыр.


182
Кілт сөздер:
жатақхана, өрт, төтенше жағдай, Астана
Тақырып бойынша
Шығыс Қазақстанда жойқын өрт екі сәбидің өмірін жалмады
Түнде Ақтауда ірі өрт болды
АҚШ-тың Калифорния штатында тарихта болмаған жойқын өрт ауыздықталды
Кемероводағы алапат өрт: Министр Қазақстанда жүргізілген тексерістер туралы айтты
Отқа оранған ғимаратта Құран кітабын өрт шарпымаған - видео
Қазақ-қырғыз шекарасындағы өрт: тілсіз жаумен қалай күресіп жатыр?
Загрузка...