сынған шыны

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан театр және кино актрисасы көз жұмды

4592
(Жаңартылды 21:26 04.01.2019)
Жол апатына кінәлі адам оқиға орнынан қашып кеткен, қазір оны полиция іздеп жатыр

АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Алматыда 29 желтоқсанда таңертең болған жол апатынан қазақстандық актриса Шолпан Елгезекова көз жұмды. 

Жол апаты Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. 

Instagram желісіне видео жүктеген оқиға куәгерлерінің айтуынша, жол апатынан кейін дереу оқиға орнына келген көлікке Gelandewagen жүргізушісі мен жолаушылары мініп, қашып кеткен. 

"Gelandewagen жүргізушісі басқа көлікпен соқтығысқан. Жол апатынан үш адам көз жұмды – жеңіл көліктің жүргізушісі мен ішінде отырған екі әйел. Тағы бір адам жансақтау бөлімінде ауыр хәлде жатыр", — деп хабарлады тілшісіне Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Оның айтуынша, қазіргі уақытта жол апатынан кейін қашып кеткен көлік иесін анықтады, полицейлер оны іздеп жатыр. 

"Іздеу бөлімі жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі туралы кейін міндетті түрде хабарлаймыз", — деді Әзірбек. 

Кейбір мәліметтер бойынша, нақ осы жол апатында актриса Шолпан Елгезекова қаза болды. 

Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Facebook-те театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекованің мезгілсіз дүниеден өтуіне туған-туыстарына көңіл айтқан. 

4592
Кілт сөздер:
жол апаты, Шолпан Елгезекова, Алматы
Тақырып бойынша
Павлодар облысында басқарма басшысы отбасымен жол апатынан қаза болды
Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды
Көпірден ұшып кете жаздады: жол апатынан 9 жасар қыз бен әйел зардап шеккен
Олжас Сүлейменовтің немересі жол апатынан көз жұмды – оқиға орнынан видео
"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова зираттың жанында жол апатынан қаза болды
Жантүршігерлік жол апатынан 14 хоккейші қаза тапты
Қарғыс атқан жол: Ақтөбе облысында өзбекстандықтар көлік апатынан қаза тапты
Алматы, көлік

Алматыда болған төтенше оқиғаның видеосы тарап кетті - мән-жайы айтылды

7511
(Жаңартылды 18:35 09.08.2020)
Желіде алматылық стадионда түсірілген видео жарияланды. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Желіде Алматыда мас жүргізуші "Спартак" стадионына барып, көлікпен адамдарды баса жазбаған сәттің видеосы қызу талқыланып жатыр.  

Видео 24news_kz Instagram парақшасында жүктелген. Автор оқиға 8 тамыз күні болғанын жазған. 22 жастағы жігіт көлікпен футбол алаңының қоршауын бұзып, адамдарды қағып кете жаздады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ КАЗАХСТАНА|21+🇰🇿 (@24news_kz)

Кадр сыртында бала мен ересек адамның даусы естіледі. 

"Бес жасар бала футбол қақпасының торынан шыға алмай, әрең дегенде аман қалған. Зардап шеккендер жоқ. Бастапқыда біз жүргізуші газ бен тежегішті шатастырып алды деп ойлаған едік. Көлік бір тоқтап, бір қозғалды. Жүргізуші терезені ашып: "Дәулет!" деп айқайлады (өзінің інісін іздеп жүрсе керек). Сол кезде ғана адамдар жүргізуші мас екенін түсініп, жан-жаққа қаша бастады. Кейбір адамдар трибунаға шығып кетті", - дейді оқиға куәгері.

Жазбада жүргізушінің туыстары таныстарына хабарласып, жазадан құтылуға көмектесіп жатқаны жазылған.

"Полиция жігітті Медеу аудандық полиция бөлімшесіне алып кетті.  "Порше", "Лексус" көліктерімен кісілер келіп жатты. Киімдерінен тойдан шыққаны көрініп тұр. Куәгерлердің бірі жүргізуші шенеуніктің немесе бизнесменнің ұлы екенін айтып отыр", - дейді автор.

Sputnik Қазақстан ресми ақпарат алу үшін Алматы қаласы полиция департаментіне хабарласты. Полиция ақпаратты нақтылайтынын жеткізді.

Тағы оқыңыз: Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі

7511
Кілт сөздер:
желі, видео, Алматы
Тақырып бойынша
Үстел үстінде "тіріліп кеткен" ет жұрттың зәресін ұшырды – видео
Алматыда төрт қабатты ғимарат әп-сәтте күлге айналды – видео
Полиция басшысының туыстары халықтан кешірім сұрады – видео
Жылап тұрып көмек сұраған қостанайлық мұғалімнің бұрынғы күйеуі видео жариялады
Нұр-Сұлтан ауруханасында түсірілген видео жарияланды  
Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан мамандар, архивтегі сурет

Шығыс Қазақстан полицейлері адам өлтірді деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады

6391
(Жаңартылды 14:32 09.08.2020)
Күдікті ретінде іздестірілген 59 жастағы ер адам Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен өтіп жатқан сәтінде тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 40 жастағы әйелдің егіс алқабына көмілген мәйіті табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облыстық полиция басқармасы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ШҚО Полиция департаменті (@eastkazpolice)

Глубокое ауданының тұрғыны төрт күн бұрын таңертең үйінен жұмысына кетіп, қайтып оралмаған. Оның туыстары полицияға хабар берген соң, полицейлер мен еріктілер дереу іздеуге кіріскен болатын. 

"Глубокое ауданының Белоусовка ауылынан жеті шақырым қашықтағы егіс алқабында топыраққа көмілген әйелдің мәйіті табылды", – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары жоғалған адамды танитын 59 жастағы ер адамды ұстады. Ол Қазақстан шекарасынан Ресейге автокөлікпен кетіп бара жатқанда сәтінде тұтқындалды.

"Қазіргі кезде күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Оқи отырыңыз: Ақшұқыр ауылындағы қанды оқиғадан кейін 11 адам тұтқындалды

6391
Кілт сөздер:
Шығыс Қазақстан, қанды оқиға
Тақырып бойынша
Танымал қазақстандық ғалым мемлекеттік опасыздық жасағаны үшін тұтқындалды
Жүгіруге шығып, жоғалып кетті: Ақмола облысында 14 жасар қыз іздестірілуде
Шымкентке коронавирус кіргізген адаммен бір автобуста отырған жолаушылар іздестірілуде
Алматы зообағының есепшісі 32 миллион теңгені жымқырғаны үшін тұтқындалды
Сот залындағы кісі өлімі: күзетші салғырттығы үшін сотталды
Астана көрінісі

Елордада 11 жыл қатарынан ұйымдастырылған шара өтпейтін болды

884
(Жаңартылды 21:12 09.08.2020)
Ұйымдастырушылар шараға қатысушылардың бәрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынын алға тартып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Елордада жыл сайынғы Astana Marathon 2020 коронавирусқа байланысты өткізілмейді.

"Бастапқыда қыркүйек айына таман шектеулер жеңілдетіліп, жарыс болады деп ойлаған едік. Бірақ өзге марафон ұйымдастырушылары сынды біз де қатысушылардың қауіпсіздігін толықтай қамтамасыз ете алмаймыз. Денсаулық пен қауіпсіздік - біз үшін ең басты орында ", - деп жазылған Astana Marathon-ның Instagram парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Astana Marathon (@astana42k)

Тіркелген адамдар салымға байланысты электронды хат алады.

Өткен жылы Sputnik Қазақстан командасы Astana Marathon 2019-дың 10 шақырымын жүгіріп өткен болатын.

Елордадағы марафонға 27 елден бес мыңнан астам адам қатысты. Солардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен астана әкімі Алтай Көлгінов болды. 

Қайырымдылық жүгіру шарасы 2009 жылдан бері өткізіледі. Осы жылдары қазақстандық қайырымдылыұ ұйымдарға 97 мың доллардан астам қаражат жиналды.

884