Оқиға

Актрисаның қазасы: Алматы полициясы Gelandewagen жүргізушісін ұстады

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтукісен
кісен - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізуші жол апатынан кейін қашып кеткен еді

АСТАНА, 30 желтоқсан— Sputnik. Алматы полициясы бірнеше адамның қазасына алып келген жол апатына күдікті жүргізушіні ұстады. 

Бұған дейін хабарланғандай, жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза болған, оның ішінде театр және кино актрисасы Шолпан Елгезекова бар. 

"Күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 345 және 347-баптары, яғни "Жол қозғалысы ережесін бұзу" және "Жол көлік оқиғасы болған жерді тастап кету" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", — деп хабарлады хабарлады тілшісіне Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Жол апаты 29 желтоқсанда Абай және Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған. Gelandewagen жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, басқа көлікпен соқтығысады. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен ішінде отырған екі әйел көз жұмды. Тағы бір әйел ауыр хәлде ауруханада жатыр. Күдікті жол апаты болған жерден қашып кеткен еді. 

Жаңалықтар
0