Ресей ТЖМ қызметкерлері

Ресейде үйінді астында қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті

205
(Жаңартылды 15:00 03.01.2019)
Кеше құтқарушылар әйел мен оның екі баласының денесін шығарды

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Соңғы мәлімет бойынша Магнитогорск қаласында көп қабатты үйдегі жарылыстан 33 адам көз жұмды, деп хабарлады РИА Новости Ресей Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Үйінді астынан соңғы рет шығарылған ер адам қайтыс болды. Кеше құтқарушылар әйел мен оның екі баласының денесін тапты. 

Магнитогорскідегі трагедия 31 желтоқсан күні таңертең болды. Газдың жарылуынан он қабатты тұрғын үйдің кіреберісі құлады. Өлгендер арасында алты бала бар.

Бұған дейін тірі қалған 11 айлық Ваня Фокин үйінді астынан шығарылды. Ол кереуетте құндақтаулы болғандықтан 22 градус аязда екі күн бойы жатып аман қалған. Бала ауыр халде Мәскеуге жөнелтілді. Баланың анасы мен ағасы аман қалды, әкесі апат кезінде жұмыста болған. 


205
Кілт сөздер:
трагедия, жарылыс, Ресей
Тақырып бойынша
Ресейде тұрғын үйде болған жарылыс: үйінді астынан 11 айлық бала тірі табылды
Ресейде тұрғын үйде жарылыс болды: құтқарушылар үйінді астынан 37 адамды іздеп жатыр
Загрузка...