Төбелес

Ақтөбеде әйелдер сотта төбелес шығарып, арнайы жасақтың көмегі керек болды

734
Арасында аса белсенділік танытқан алты әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Ақтөбедегі сот залында шу шығарған 6 әйел жазаға тартылды Олар судьяның үкім оқуына кедергі жасап, сол жердегі тәртіп сақшыларын жағасынан алған, деп хабарлайды .

Сот залында төбелес шығарған әйелдер 28 жастағы Қуаныш Жақсыбаевқа қолдау көрсету үшін келген. Алты жарым жылға сотталған кәсіпкер қаржы пирамидасын құрғаны үшін айыпталып отыр. Мобильді қосымша ойлап таптым деп алдап, 40 мыңға жуық адамнан ақша алған. Осылардың ішінде 600-ден астамы ақшаларын даулап, сотқа арыз түсіреді. Ал қалғандары керісінше Қуаныш Жақсыбаевтың арқасында байығандарына сенімді.

Сотқа келген бір топ әйел күдіктінің жазаланатынын естігенде, естерінен танып, тіпті, судьяның үкімді оқуына кедергі жасайды. Арасында кейбіреуі ғимарат мүлкін бүлдіреді. Жиналған жүз адам сыртқа күштеп шығарылғанына қарамастан, олар сот алдында наразылық білдіруді жалғастырады. Арнайы жасақ шақыртылып, белсенді болған алты әйел әкімшілік жазаға тартылды.

Қоғамдық орында тәртіптік бұзушылықты тоқтату туралы құқық қорғау органдарының талаптарын ескермей, қарсылық білдіргені үшін Аймағанбетова, Көптілеуова, Омарова, Мустафина, Сатыбалдинова, Күлдееваға қатысты істер қаралып, мамандандырылған сотының қаулыларымен аталған тұлғаларға ескерту түріндегі жаза тағайындалды. 

734
Кілт сөздер:
жаза, күдікті, қаржы пирамидалары, сот, төбелес, әйелдер, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Тұрғындар артық ақша таратқан банкоматтың алдында төбелес шығарды
Путин Нурмагомедовтің төбелес шығаруы туралы ойын білдіріп, ақыл айтты - видео
Таразда жаппай төбелес болып, жас жігіт көз жұмды
Қолын бұрап алып кетті: полиция төбелес шығарған қыздарды ажыратты
Қапшағайдағы төбелес кезінде абайсызда кісі өлтірген жігіт бостандыққа шықты
Ақтауда жол ортасындағы төбелес видеоға түсіп қалды
НТВ арнасындағы бағдарлама кезінде төбелес шықты - видео
Загрузка...