Такси

Талдықорғанда такси жүргізушіні айуандықпен өлтіріп кетті

1395
(Жаңартылды 19:05 13.01.2019)
Полицейлер куәгерлерді тауып, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға кірісті

ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 қаңтар — Sputnik. Талдықорған полицейлері желтоқсанның соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы ер адамды өлтіру фактісі бойынша істі тергеп жатыр, деп хабарлады тілшісі.

Golf 3 маркалы өртенген көліктің фотосы жергілікті kris_p_tdk паблигінде жарияланып, интернет қолданушылар арасында дүрбелең туғызды.

kris_p_tdk паблигінен алынған ақпарат – скриншот
kris_p_tdk
kris_p_tdk паблигінен алынған ақпарат – скриншот

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабында ("Кісі өлтіру") қарастырылған қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлай отырып, қажетті ақпаратты берді.

"Автокөлік 5 қаңтарда табылды. Тексеру кезінде иномарка өткен жылдың соңында із-түзсіз жоғалып кеткен 42 жастағы жергілікті тұрғынға тиесілі екені анықталды. 7 қаңтарда табылған зардап шегушінің мәйітінде зорлықпен өлтірудің айқын белгілері бар", — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Талдықорған полицейлері куәгерлерді тауып, осы қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған жедел іздестіру шараларына жұмылдырылды.   


1395
Кілт сөздер:
такси жүргізушісі, кісі өлтіру, Талдықорған
Тақырып бойынша
"Жылап жібердім". Такси жүргізушісі әмиянды иесіне қайтару үшін 8 сағат күткен
Такси жүргізуші екі қызды өлтірген "маньякті" алып жүргенін айтты
Өскеменде үш жігітті мінгізген такси жүргізуші сан соғып қалды
Ақтауда 20 жастағы бойжеткенді такси жүргізушісі зорлап тастады
Шабуыл жасау, иллюстративті фото

"Сегіз рет пышақтады": Нұр-Сұлтанда ер адам бұрынғы әйеліне шабуыл жасады

7
(Жаңартылды 13:42 15.07.2020)
Күдікті бұрынғы әйелін қала сыртына алып кетіп жарақаттап, оны жол бойына тастап кеткен. Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер полиция мен жедел жәрдем шақырған

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Астана тұрғыны бұрынғы жұбайына шабуыл жасап, сегіз рет пышақтаған. Әйел аман қалып, қазір ауруханада жатыр. Бұл жайында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорының жетекшісі Дина Смайылова (Таңсәрі) хабарлады.

Оның айтуынша, зардап шегуші ер адамның алдымен оны алыс жерге апарып, көлік ішіне қамап, соққы жасай бастағанын айтқан. Содан кейін оны жол бойына тастап кеткен.

"Ол бұрынғы әйелінің жұмысына барып, сыртқа шығуын бірнеше рет талап еткен. Ал әйел әріптестерінің алдында өзін ыңғайсыз сезініп, көшеге шыққан. Оны көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен. Қарағанды тас жолында ол әйелді ұра бастайды, әйел қарсылық көрсетіп, көліктің терезесін сындыруға тырысады. Содан ер адам әйелге пышақ сұға бастайды, көлікті тоқтатып, сегіз рет пышақ жарақатын салған. Жарақат салғаннан кейін басқа көліктердің тоқтап жатқанын көріп, әйелді жолда тастап кетіп, жасырынып қалған", – деп жазды Смайылова Facebook парақшасында зардап шеккен әйелдің сөзіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан өтіп бара жатқан жүргізушілер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Әйел ауруханаға жеткізілді.

Смайылованың айтуынша, тергеушілер әйелге қысым көрсетіп, жарақатының қорқынышты емес екенін айтқан. "НеМолчиKZ" басшысының айтуынша, оны ауруханадан тікелей жауап алуға алып кеткен.

Сонымен қатар ол полиция департаментінің басшысына болған оқиғаны анықтауды сұрап, істі қайта саралауды және тергеушіге қатысты шара қолдануды талап етті.

Кейін Смайылова полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтің жауабын жариялады. Ол істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: "Пакетпен қылқындырған": Шымкентте әлдекімдер екі баланың анасына шабуыл жасады

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі ("қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") , 99-бабы 1-бөлімі ("адам өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленушінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды", – деп атап өтті Сәденов.

Сондай-ақ, қызметкерлердің кәсібилікке жат әрекеттері тексеріледі.

7
Кілт сөздер:
адам құқығы, құқық бұзу
Тақырып бойынша
Таксистке шабуыл жасаған жолаушы әйел видеоға түсіп қалды
Қордайда полицейлерге шабуыл жасаған ағайынды 3 жігіт қамауға алынды
Батыс Қазақстанда шенеунікке не үшін шабуыл жасалды?
Мойнына арқан салып, ақша талап етті: Қостанайда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
Қарағандыда инкассаторға қарулы шабуыл жасалды - видео
Жол белгісі, архивтегі фото

Түркістан облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан ер адам көз жұмды

1801
(Жаңартылды 10:28 15.07.2020)
Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" жолаушылар автобусының ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданының тұрғыны түнгі уақытта Бәйдібек аудандық полиция бөліміне арызданып, Шымкент-Самара тасжолының бойында өздерін белгісіз көлік қағып кетіп, жанындағы серіктесі көз жұмғанын хабарлаған.

Шұғыл жеткен полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады. Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" маркалы жолаушы тасымалдайтын автобустың ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған. Осы кезде "Газ-53" маркалы белгісіз жүк көлігі  автобустың жанынан соғып, одан кейін сол жерде тұрған марқұм мен көлік жүргізушісін қағып өтеді. Содан кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алса, оның көмекшісі оқиға орнында көз жұмған.

Оқи отырыңыз: Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды

Жүк көлігінің жүргізушісін ұстау мақсатында Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде жүк көлігі Сайрам ауданынан табылып, автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында күдікті жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айып тұрағына қойылды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.​​​

1801
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Алматыда жаппай жол апаты болды
Жамбыл облысында жол жиегінде тұрған үш адамды "Камаз" қағып өлтірді