Оқиға

Аса ірі көлемде қаражат қымқырған қазақстандық елші кепілмен босатылды

© Photo : официальный сайт МИД РКЕрік Үтембаев
Ерік Үтембаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дипломат Өзбекстандағы елшілік ғимаратын салу кезде 140 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінген

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі қызметінен уақытша шеттетілген Ерік Үтембаев Астана қаласының мамандандырылған сотының шешіміне сәйкес кепілмен босатылды. Бұл туралы елордалық соттың баспасөз хабарламасында айтылған.

Пара - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі 400 мың доллар қымқырғаны үшін айыпталды

Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты кепілге рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

"Үтембаев Ерік Мылтықбайұлына қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл таңдалды", — делінген сот хабарламасында.

Былтыр қазан айында мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлағандай, дипломат аса ірі көлемде бюджет қаржысын қымқырды деген күдікке ілінген. Ташкентте елші қызметін атқарып жүрген 52 жастағы Ерік Үтембаев Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігі әкімшілік ғимаратының құрылысы бойынша атқарылған жұмыстардың жалған актілеріне қол қойғаны анықталды. Оның заңға қайшы әрекеті салдарынан мемлекет бюджетіне 140 миллион теңге (400 мың доллардай) шығын келді.

Қазақстан президенті Үтембаевты қызметінен шеттеткен.

Жаңалықтар
0