Архивтегі фото

Алматыда мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері ұсталды

347
(Жаңартылды 13:57 23.01.2019)
Күдіктілер бұл ақшаға "БТА Банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасына қылмыстық істі шешіп беруге уәде еткен

АСТАНА, 21 қаңтар — Sputnik. Алматыда Бас прокуратура Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері мен тағы екі күдікті тұлғаны қылмыс үстінде ұстады.

Ұсталған адамдар ірі көлемде пара бопсалады деген күдікке ілінді. 

Бұл адамдар, алдын ала болжам бойынша, "БТА Банк" АҚ директорлар кеңесінің төрағасынан 1 миллион АҚШ долларын алаяқтық жолмен бопсалаған. Олар бұл ақшаға Бас прокуратурада қаралып жатқан қылмыстық істі шешіп беруге уәде еткен. 

"Бұл ретте, Д.Ысқақов осы қылмыстық іс бойынша Бас прокуратураның ведомствоаралық жедел-тергеу тобының құрамына кірмеген. Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты Д.Ысқақов, Д.Әлпиев және Э.Сүлеймановтарға қатысты "қамауға алу" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", — деп жазылған хабарламада.

Іс бойынша қажетті тергеу шаралар жүргізілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.


347
Кілт сөздер:
бопсалау, пара, ҰҚК, Бас прокуратура, Алматы
Тақырып бойынша
Павлодар облысында шенеунік пара алып жатқан жерінде ұсталды – видео
Қазақстанда 7 шенеунік парамен ұсталды - видео
Қазақстанда бірнеше судья пара алды деген күдікке ілінді - видео
Загрузка...