Шекара мұнарасы

Қырғыз шекарашылары Қазақстан азаматын атып өлтірді

1952
(Жаңартылды 11:39 25.01.2019)
Қазір екі құқық бұзушы Қазақстан аумағында жасырынып жүр

АСТАНА, 23 қаңтар — Sputnik. Қырғызстан шекарашылары қос мемлекеттің шекарасын бұзған Қазақстан азаматын атып өлтірді.

23 қаңтарда үш адам он жылқыны Қырғызстаннан Қазақстанға айдап өтпек болған. Қырғызстанның шекара жасағы оларды "Жасөркен" шекара заставасының учаскесі алдында ұстауға тырысты.

Тәртіп бұзушылар қарсылық көрсетіп, суық қару қолданды, делінген ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдемесінде.

"Бұл жағдайда қырғыз шекарашылары қару қолданған. Салдарынан құқық бұзушылардың бірі оқ жарақатын алды. Қалған екеуі аттармен бірге қашып кетіп, Қазақстан аумағында жасырынып жүр", — деп мәлімет берді ҰҚК.

Жарақат алған қазақстандық Талас ауылындағы ауруханаға апара жатқан жолда қайтыс болды. Ол бұрын Қылмыстық кодекстің 392-бабы бойынша сотталған еді (Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту).

Тараз шекара жасағы құқық бұзушылар мен жылқыларды іздеп жатыр.

Шекарадағы қақтығыстар

Қазақ-қырғыз шекарасында заңсыз мал айдаушылар мен шекарашылар арасында қақтығыс жиі болып тұрады. 2017 жылы маусымда 15 адамнан тұратын топ шекара қоршауын тесіп жатып ұсталған, олар қазақстандық шекарашылардың талаптарын орындамай, шабуыл жасайды. Әскерилер қару қолданып, оқ атуға мәжбүр болған. Шекара бұзушылардың бірі — Қазақстан азаматы жарақат алып, қаза тапты.

1952
Кілт сөздер:
заң бұзу, кісі өлімі, оқ ату, Қазақстан азаматы, шекарашылар, Қазақ-қырғыз шекарасы
Тақырып бойынша
БҚО-да туған ағасына қатты ұқсайтын жігіт шекарашыларды алдап кетпек болды
Қазақстанның Қытаймен шекарасында дабыл қағылды
Қырғызстан Қазақстан елшісіне наразылық нотасын берді
Нығматулин қазақ-қырғыз шекарасындағы ұзын-сонар кезекті сынға алды
Мәжіліс қазақ-қырғыз шекарасын шегендеу туралы шартты мақұлдады
Спаниель

Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді

71
Ветеринарлар итті аман алып қала алмады. Жануарға қатыгездік көрсеткен әйел 27 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді

ПЕТРОПАВЛ, 2 маусым – Sputnik. Петропавлда әйел итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді, сот оған жануарға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға Хименко көшесіндегі үйде болды. 45 жастағы қала тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырған. Оқиғаға куә болған тұрғындар полиция шақырды. Келген полицейлер көпқабатты үйдің терезесінің астында шала-жансар күйде жатқан үй жануарын тауып алған.  

Ветеринарлар қанша тырысса да, спаниель тұқымдас итті құтқару мүмкін болмады.

"Бұл факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабы (жануарларға қатыгездік таныту) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Иттің иесі мас болғаны анықталды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембин.

1 маусымда Петропавл қаласының соты оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды, бұл 27 мың теңгеден асады (шамамен 69 доллар).  

Мас ер адам 10 айлық сәбиін терезеден лақтырып жіберді 

"Үкім күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде айыппұл төленбеген жағдайда ол жаза қоғамдық жұмысқа тарту немесе қамауға алумен ауыстырылады", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

71
Кілт сөздер:
Петропавл, ит
Тақырып бойынша
Мас жігіт терезеден тастап жіберген 3 айлық баланы куәгер қағып алды  
Семейде анасы үш жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Дәрігерлер әкесі терезеден лақтырып жіберген сәбидің хәлі туралы айтты
Перзентханада әйел екі сәбиді терезеден лақтырып жіберді
Жедел-жәрдем көлігі

Соққыға жығылған Бурабайдың бұрынғы әкімі көз жұмды

1193
(Жаңартылды 17:34 02.06.2020)
Бурабай кентінің бұрынғы әкімін ұрып-соғып, оның өліміне себепші болған күдіктіні полицейлер ұстап, қамауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Ақмола облысындағы Щучинск қаласының тұрғыны ұрып-соғу салдарынан көз жұмды. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал марқұм бұрын Бурабай кентінің әкімі болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 23 мамырда болған.

"Щучинск қаласының тұрғынына ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша 23 мамырда Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда осы қылмысты жасаған күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіні үй қамауына алу туралы шешім шығарды.

Ал сенбі, 30 мамырда ер адам қайтыс болды.

"Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне ауыстырылды (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана жасалған дене жарақаты). Күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталған бап бойынша сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл факт бойынша Бурабай ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімі мұқият және объективті тергеу жүргізетінін атап өтті. Қылмыстық іс департамент басшылығының жіті бақылауында.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі марқұм Шыңғыс Темірбековтің бұрын Бурабай кентінің әкімі болғанын растады.

Оқи отырыңыз: Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды

1193
Кілт сөздер:
құқық бұзу, экс-әкім, Бурабай
Тақырып бойынша
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Бурабай курортын шетелдік инвесторларға беруі мүмкін
Бурабай санаторийінің экс-басшысы пара алғаны үшін сотталды
Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео
Алматылық адвокатты соққыға жығу бұзақылық ретінде квалификацияланды
Федералды телеарнаның продюсері Елена Воронцова

Ақпараттық продюсерлік ету тәжірибесі SputnikPro мамандық құпиясын ашады

0
Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі және радиосы ақпаратқа продюсерлік ету жөнінде вебинар өткізеді. Оған қазақстандық журналистер, блогерлер, продюсерлер және медиа сарапшылар шақырылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым – Sputnik. 5 маусымда сағат 16.00-де (Нұр-Сұлтан уақыты) "Ақпараттық продюсерлік ету тәжірибесі: кейіпкерлерді іздеу, жабық аумаққа ену және мамандықтың басқа да құпиялары" деген тақырыпта SputnikPro білім беру жобасының онлайн-сессиясы өтеді.   

Сюжеттің тақырыбын қалай таңдау керек? Журналистік материалдың кейіпкерін тауып, онымен сөйлесу үшін не қажет? Түсірілімге қайда рұқсат береді және егер бас тартса не істеу керек? Федералды телеарнаның продюсері Елена Воронцова қатысушылардың осы және басқа да сұрақтарына жауап береді.

Елена Воронцова – 15 жылдан астам тәжірибесі бар медиа сарапшы (ток-шоу, деректі фильмдер, федералды телеарнаның жаңалықтар қызметі). Ол "Пусть говорят" (Бірінші арна), "Главный герой" (НТВ), "Степаныч" деректі фильмі (НТВ), "Ты супер!" халықаралық балалар вокал конкурсы (НТВ), "Вести" (Россия 1 арнасы) және тағы басқа бағдарламаларға продюсерлік етуге қатысқан.

Модульге қатысу үшін қазақстандық журналистер, блогерлер, продюсерлер мен медиа сарапшылар мына сілтеме арқылы тіркеле алады.

SputnikPro "онлайн-маусымы" наурыз айының ортасында ашылды. Қатысушылар бір-біріне чатқа хабарлама жіберіп, нақты уақыт режимінде пікірін ортаға сала алады.

SputnikPro ағарту жобасы туралы

SputnikPro – халықаралық Sputnik ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген  маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

2018 жылдың наурызынан бері оған 80 елдің өкілі қатысқан. SputnikPro шеберлік сағаттары мен семинарлары Әзербайжан, Армениядан Үндістанға, Грекиядан Қытайға дейін 22 елде ұйымдастырылды.

Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосы туралы

Sputnik – ірі халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының бірі, ол 33 тілдегі мультимедиялық интернет-сайттарды, әлемнің 90-нан астам қаласында және интернетте орыс, ағылшын, француз және басқа тілдердегі баламалы және цифрлық радиохабарды біріктіреді. Sputnik-тің жаңалықтар таспасы тәулік бойы әлемдегі жетекші басылымдарға ағылшын, араб, испан, қытай және парсы тілінде ақпарат жеткізеді.

0
Тақырып бойынша
SputnikPro вебинары: видеоны оңай әрі дұрыс түсіру арқылы қалай аудитория жинауға болады
Жалған ақпарат тарату үшін көбінесе "аналар" чаттары қолданылады – SputnikPro сарапшысы
Адамдар ақпараттық фастфудтан мезі болды – SputnikPro сарапшысы
SputnikPro: басқа адамның суретін авторлық құқықты бұзбай қалай пайдалануға болады
SputnikPro сарапшылары сайтты ыңғайлы етуге қатысты кеңес берді