Жол апаты

Алматы облысында КамАЗ жолда жатқан адамды басып кетті

891
Полиция жаяу жүргіншіні қаққан екі жүргізушіні де ізін суытпай ұстады

АЛМАТЫ, 28 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында жаяу жүргінші қаза тапқан жол-көлік апатына кінәлілер бірнеше сағаттан соң ұсталды.

Оқиға Алматы — Талдықорған трассасының 189-километрінде 24 қаңтар күні болды.

Полицейлер анықтағандай, алдымен 51 жастағы ер адамды Mercedes Gelandewagen қағып, оқиға орнынан ізін суытқан. Біраз уақыт өткен соң ер адамның мәйітін КамАЗ басып өтеді. Ол да кетіп қалған. Қазір полицейлер жүк көлігінің жүргізушісі жолда жатқан жаяу жүргіншінің денесін көрген-көрмегенін анықтап жатыр.

"Перехват" жоспарын жариялау нәтижесінде жол-патрульдік полициясының инспекторлары жаяу жүргіншіні кезектесіп қағып, оқиға орнынан ізін суытқан екі көлік – Gelandewagen және КамАЗ-дың жүргізушілерін анықтап, ұстады", — деп хабарлады Алматы облысы полициясының баспасөз қызметі.

Облыстық полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 345-бабы "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысы ережелерін бұзу"  бойынша алдын ала тергеуді бастады.

Сонымен қатар, полиция департаменті жол-көлік оқиғасының қатысушыларының бірде-біреуі құқық қорғау органдарында жұмыс істемейтінін жеке-дара атап өтті.


891
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Алматы облысы
Тақырып бойынша
Қостанайдағы жантүршігерлік жол апаты: екі адам ажал құшты, балалар әл үстінде - видео
Алматыда ірі жол апаты болды: зардап шеккендердің арасында үш бала бар
Алматыда ірі жол апаты болды: көліктердің тас-талқаны шыққан - фото
Қостанай облысында пойыз апатқа ұшырады
Загрузка...