Қуыршақ

Ақтаулық қыздарды әкесі досымен бірге ұзақ уақыт зорлап келгені анықталды

16039
(Жаңартылды 08:14 30.01.2019)
Бұл сұмдық оқиғаны зорлық құрбандарына жәрдемдесіп жүрген еріктілер әшкереледі

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Көпбалалы отбасында ұзақ жылдар бойы қорлық көрген қыздардың тағдыры бүкіл Ақтау халқын дүр сілкіндірді. Бұл хабар туралы жергілікті "Клуб добряков" еріктілері хабарлап, БАҚ-тан көмек сұраған.

Қаңтар айының соңында көппәтерлі үйден өрт шығады. Баспанасыз қалған тұрғындарға көмектесіп жүрген еріктілер көпбалалы анадан қандай жәрдем керек деп сұрағанда, әйел материалдық көмек қажет емес екенін айтып, бірақ зорлық құрбаны болған он төрт, он екі және он жастағы қыздарына психолог тауып беруді өтініпті. Қыздардың кенжесі – кішкентайынан жарымжан.

"Нашар отбасыда" болған сұмдықты көршілер де, мектептегілер де білген екен, алайда ешкім ешқандай шара қолданбаған.

Педофил әке

Бұл оқиға жайлы Ақтау тілшілері жазды. Қыздардың анасы 13 жасында жетім қалған. Сол кезде оны ата-анасының құрбысы – 26 жастағы ересек ұлы бар әйел қамқорлығына алыпты.

"Көп ұзамай жігіт жасөспірім қызды зорлап, ол 14 жасында тұңғышын, 16 жасында ортаншы қызын дүниеге әкеледі. Кейін басқа ер адаммен көңіл қосып, тағы бір жарымжан қызды өмірге әкелген. Содан соң үлкен қыздарының әкесіне қайта оралып, ұл бала босанады. Кейін төрт перзентін әкесіне тастап кетіп, жақында ғана бала-шағасын өз қолына алыпты", — деп жазды ИнАктау басылымы.

Әкесі пәтер жалдап тұратын досымен бірге бірнеше рет зорлағаны туралы анасына қыздардың өзі айтып берген.

Дәрігер зорлық жасалғанын растады

Қыздардың анасы еріктілердің қолдауымен ғана көмек сұрауға бел буыпты. Олар жасөспірімдерді емханаға апаруға жәрдемдескен.

"Қорытындыда 14, 12 және 10 жастағы үш қыздың да пәктігі жоқ екені жазылған. Үлкен қызым алғаш рет тоғыз жасында зорланыпты. Ал кенжем – 2018 жылдың желтоқсанында. Балалардың қынабы мен анал тесігіне зақым келген", — деп анасы тілшілерге дәрігердің қорытындысын айтып берді.

Үлкен қыздар әкесінің зорлағанын айтса, кенжесі пәтер жалдап тұрушыны көрсетіпті.

Полиция арызды қабылдағысы келмеді

Дәрігердің қорытындысын алып Мұнайлы аудандық ішкі істер бөліміне барған әйелді құқық қорғаушылар шетқақпайлап, онымен қоймай үлкен қызына қысым көрсеткен.

"Бастапқыда арызды қабылдағысы келмеді. Кейін жеке емхана дәрігерінің қорытындысы айғақ бола алмайды, сатып алынған болуы мүмкін деді. Кабинетке сегіз полицей жиналып, үлкен қызыма қысым көрсетіп, дөрекі сұрақтар қоя бастады. Қызым қорқып, одан бетер тұйықталып кетті", — дейді Ирина портал тілшісіне.

Көршілері үндемей келген

Еріктілер ақпарат жинауға тырысқанда, педофилдің көршілері бар шындықты жайып салыпты. Ер адам балаларға тамақ бермей, ұрып-соғып, зорлаған. Қыздар оқитын мектептегілер де отбасында болып жатқан жайттарды білсе де, араласқысы келмеген көрінеді.

Қыздармен психолог жұмыс істейді

Тергеу жүріп жатқан кезде "Мейірім"  атты кәмелеттік жасқа толмаған құрбандар мен қылмыс куәгерлеріне жәрдем көрсету орталығы қыздарға психологиялық көмек көрсететін болады.

"Бізге "Клуб добряков" еріктілері хабарласып, болған жайтты түсіндіріп, әрі қарай не істеу керектігін сұрады. Мен әуелі полицияның әйелдер мен балаларды қорғау бөліміне хабарласып, осы деректерді тексеруді сұрадым. Олар маған әлі қоңырау шалған жоқ. Бірақ қалай болғанда да қол ұшын береміз, қыздарға біздің орталықта психологиялық жәрдем көрсетіледі", — деді орталық басшысы Александр Муха Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Sputnik Қазақстанға полицияның берген мәліметі бойынша, әйел адамның арызы қабылданып, қылмыстық іс қозғалған.

16039
Кілт сөздер:
қызды зорлау, әке, педофил, Ақтау
Тақырып бойынша
Олимпиада чемпионы бапкерін төрт жыл бойы зорлап келді деп айыптады
Шымкентте мектептен үйге келе жатқан оқушы қызды зорлап кетті
Жалғызбасты ана қызын зорлап жатқан үш еркекті жайратып салды
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген ерлі-зайыптының 5 жасар қызын зорлап кетті
10 жасар туған қызын аяусыз зорлап келген павлодарлыққа үкім шықты
Ордабасыда үш жасар қызды зорлап өлтірді: әкесі күдікке ілінді
Нұра өзені

Қазақстанда үш күнде 15 адам суға батып кетті 

53
(Жаңартылды 12:58 07.07.2020)
Суға батқандардың жартысынан көбі ересектердің қарауынсыз қалған балалар. Төтенше жағдайлар комитеті қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды

АЛМАТЫ,7 шілде – Sputnik. Қазақстанда 4-6 шілде аралығына 15 адам суға батып кетті. Оның ішінде жеті бала бар. Бұл жайында төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өткен демалыс және мереке күндері шомылуға болмайтын орындарда суға түскен 15 адам, соның ішінде 7 бала суға батып кетті. Балалардың барлығы ересек адамдардың қарауынсыз қалған", - делінген ресми ақпаратта.

Жеті балаға қатысты қайғылы жағдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында болды.

Бұдан бөлек 4 шілдеде Павлодар облысы Шарбақты ауданының Есілбай ауылында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2018 жылы туған ер бала құдыққа құлап кетті. Жеке тұрғын үйге қарама-қарсы тұрған құдықтың тереңдігі үш метр, оның бір жарым метрінде су толы болған. Бала тұншығып қалды.

Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді 

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитеті азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

53
Кілт сөздер:
Қазақстан, адам, су
Тақырып бойынша
Атырау полициясы суға батып жатқан жасөспірімдер қалай құтқарылғанын көрсетті – видео
"Сіңіріңіз тартылса...": суға батпау үшін не істеу керек?
Полицей Қазақстанның туын алу үшін суға түсті – видео
Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс
Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды
Күшік

Атырауда тоңазытқыш есігімен итті азаптаған видеоға қатысты іс тоқтатылды

234
(Жаңартылды 09:50 03.07.2020)
Облыстық полиция департаментінің өкілдері итке екі рет сараптама жасалып, ешқандай жарақат анықталмағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде тез таралып, қолданушылардың ашу-ызасын тудырған даулы видео қатысты қылмыстық  іс тоқтатылды.

Ал желіде қызу талқыланған видеода ер азамат иттің мойнын мұздатқыш есігіне қыстырып, азаптаған. Оның осы әрекетіне байланысты құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық іс қозғаған болатын.

Атырау облыстық полиция басқармасы өкілдерінің түсіндіруінше, күдіктінің іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларды азаптау) бойынша қылмыс белгілері болған.

"Алайда, қазір қылмыстық істің тоқтатылғандығы белгілі болды", - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Полицейлердің мәліметінше, азаптаудан кейін итке екі рет сараптама жүргізілгенімен ешқандай жарақат байқалмаған.

"Осы сараптама негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында итті тірідей өртегендер ұсталды
Айта кетейік, итті азаптаған Еркінқала ауылының тұрғыны Марғұлан Жұматаев өз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)

234
Кілт сөздер:
ит, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады
Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді
Сүйіктісін итке жегізген: түрмеге қамалған атақты спортшылар
Итке шалынып құлаған әйел саусақтарынан айырылды
Қаршыға итке бас салды: соңында ешкім күтпеген оқиға болды – видео
Дәрігер, коронавирус

Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын Түркістан әкімі 

0
Коронавирус жұқтырған Түркістан қаласының әкімі желіде жазба жариялап, дәрігерлердің арқасында аман қалғанын айтты

АЛМАТЫ, 8 шілде – Sputnik. Түркістан әкімі Рашид Аюпов коронавирус инфекциясын жұқтырған соң бірнеше ішкі ағзасының зақымданғанын хабарлады. Бұл жайында қала әкімі Facebook парақшасында жазды.  

"Осы екі апта ішінде дұғада болған әр адамның арқасында, Алланың қалауымен ел қатарына қайта оралу мүмкіндігі бұйырып отыр. Тез арада асқынып кеткен аурудан қолынан келгенше қолдап, аман алып қалған дәрігерлерге алғысымды сөзбен жеткізу қиын. Бұл ауру, өкінішке қарай, салдарсыз өтпеді. Бірнеше ішкі ағза жұмысын тоқтатты, енді қайта қалпына келтіру қажет болып тұр. Әлі де ұзақ уақыт оңалу шараларын жасаймын",- деп жазды қала әкімі.

Айтуынша, коронавирусқа тапсырған кейінгі тест әлі де инфекцияның ағзадан кете қоймағанын көрсеткен. Соған қарамастан қала әкімі қызметіне кіріспек.

"Елге қызмет етуге қайта ораламын. Әрине, барлық сақтық шарасын орындаймын. Дәл қазір жағдай ешкімге де оңай болып тұрған жоқ. Біртіндеп, бірігіп, жағдайды қайта жақсартып аламыз деп сенемін", - деп жазды Аюпов.

Сонымен қатар қала басшысы барлық сақтық шарасын орындау қажет екенін тағы да еске салды.

"Мен көрген қиындықты ешкімнің басына салмасын деп тілеймін. Ең маңыздысы – бетперде тағып жүру. Жасы үлкендерді барынша қорғап қалуға тырысайық", - деп толықтырды Аюпов.

Сондай-ақ, жағдайға байланысты көмек қолын созуға мүмкіндігі бар кәсіпкерлерден байланысқа шығуын сұрады.

"Еліміздегі жағдайды бәріміз көріп отырмыз. Жоққа шығаруға тырысудың, көз жұма қараудың еш мәнісі болмаған, қазір де жоқ. Қиын қыстау заманда елімізге бірігіп қол ұшын созайық",- деді Аюпов.

Оқи отырыңыз: Коронавируспен ауырған Алматы облысының әкімі Нұр-Сұлтанға жеткізілді 

Айта кетейік, 22 маусымда Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Одан бөлек Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, депутат Бекболат Тілеухан, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды.

8 шілдеде коронавирус табылған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов жүрек жеткіліксіздігіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиология орталығына жатқызылды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, әкім, Түркістан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Кім емдейді?": Көлгінов астаналықтарға үндеу жасады
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Павлодар облысының әкімі өңірде дәрігер жетпей жатқанын айтты
Шымкент әкімі желіде тарап кеткен видео туралы айтты