Апалы-сіңлілі бес қыздың өмірін жалмаған өрт оқиға орнынан видео

8912
(Жаңартылды 19:57 04.02.2019)
Астанадағы жер үйлердің бірінде шыққан өрттен бір отбасының бес баласы қаза тапты

Қайғылы оқиға 4 ақпанға қараған түні болды. Бұл уақытта балалардың ата-анасы екеуі де жұмыста болған – әйел пластикалық карта шығаратын зауытқа түнгі ауысымға барады, ал отағасын техникалық қызмет көрсету станциясына (СТО) жұмысқа шақырып алған.

Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде орналасқан "времянкада" түнде өрт шыққан. Тілсіз жау туралы хабар өрт сөндіру қызметіне 02.34 кезінде түскен, өрт сөндірушілер жалынды елу минуттан соң сөндірді. Жанып кеткен үйден 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылдары туған балалардың денесі табылған. Қаза болған балалардың барлығы – қыздар, ең кішісінің туғанына үш ай ғана болған.

Тағы оқыңыз: Бес бала өртеніп кеткен қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды

Осы оқиғаға байланысты Астана әкімі шұғыл кеңес өткізіп,, құзырлы органдарға оқиғаның мән-жайын анықтауды және отбасына көмек көрсетуді тапсырды.

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин өрттің алдын ала себебін атады. Айтуынша, пешті жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған.

Тағы оқыңыз: Министр бес қызынан айырылған отбасына көңіл айтты

8912
Кілт сөздер:
өрт, Астана
Тақырып:
Бес баланың қазасы (21)
Тақырып бойынша
Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт болды: қаза тапқандар бар
Қостанайда той өтіп жатқан мейрамханада өрт шықты - видео
Шымкентте алапат өрт 45 көлікті жойып жіберді
Көпбалалы өрт сөндірушіні Назарбаев берген пәтерден қуып жатыр
Отқа оранған ғимаратта Құран кітабын өрт шарпымаған - видео
Астанадағы бес баланың қазасы: Сұлтанов шұғыл жиын өткізді
Загрузка...