кісен

Халықаралық іздеуде жүрген әйел Қазақстанға жеткізілді

2543
(Жаңартылды 19:03 10.02.2019)
Ол 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіріп, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салған

АСТАНА, 9 ақпан — Sputnik. Қазақстанның Бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады.

Марина Орумбаеваны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздеген. Оған 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұрауын шетел билігі қанағаттандырды. 

Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр. 

2543
Кілт сөздер:
халықаралық іздеу, сыбайлас жемқорлық, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура
Тақырып бойынша
Елу екі өзбектің өлімі: Өртенген автобустың иесі Ташкенттен елге жеткізілді
Атырауда теракт жасап, шетелге қашып кеткен қазақстандық елге жеткізілді
Қазақстанға Грузиядан аса қауіпті қылмыскер жеткізілді
Қазақстандық содыр 6 жыл іздеуден кейін Ауғанстаннан экстрадицияланды
Бес жыл бойы іздеуде жүрген Қазақстан азаматшасы БАӘ-нен экстрадицияланды
Загрузка...