Иллюстративті фото

Көкшетаулық жігіт әкесінің қол-аяғын байлап, қарға іш киіммен тастап кеткен

3125
(Жаңартылды 13:44 13.02.2019)
Өткен жылдың қазанында отағасы болып келіп, үйде жанжал шығарған

КӨКШЕТАУ, 13 ақпан– Sputnik. Көкшетау тұрғынын туған ұлы орманға апарып тастаған, ол үсіп өлді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тергеудің мәліметінше, Көкшетау тұрғыны 16 жыл бойы ішімдік ішіп, отбасы мүшелерін, оның ішінде ұлын ұрып-соғуды әдетке айналдырған.

2018 жылдың 31 қазанында отағасы үйде тағы да жанжал шығарған. Қызы қорқып кетіп, бауырына қоңырау шалады, ол келген соң әкесін еденге жатқызып, байлап, автокөліктің жүксалғышына салады. Жігіт мас әкесін орманға әкеліп, аяқ-қолын шешпей, бір іш киіммен қарға тастап кеткен.

Осы маңнан өтіп бара жатқан жүргізуші ер адамды байқап қалып, жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Қала тұрғыны ауруханада ағзаға салқын тиюден қайтыс болды.

Кейінірек марқұмның ұлы ұсталып, тергеу барысында ол прокуратурамен кінәсін мойындау туралы процессуалды келісім жасады.

Көкшетау қалалық соты 23 жастағы жігітті адамды бас бостандығынан заңсыз айырып, қауіпті жағдайда қалдырып, абайсызда өлтіріп алғаны үшін кінәлі деп тапты.

Айыпталушы бес жыл және үш айға сотталды, жазасын орта қауіпсіздіктегі мекемеде өтейді.

Марқұмның туыстары моралдық өтемақы туралы талап арыз түсірген жоқ.  

3125
Кілт сөздер:
сот, ішімдік, Көкшетау
Тақырып бойынша
Әкесін пышақтап өлтірген апалы-сіңлілі қыздар қамаудан босатылды
Жігіт өзін дүниеге әкелгені үшін ата-анасын сотқа бергелі жатыр
Туған қыздарын зорлаған: әкесін өлтірген апалы-сіңлілердің анасы сұхбат берді
Павлодардағы қанды оқиға: анасы мен өгей әкесін өлтірген жасөспірімге үкім шықты
Анасын өлтірді: Шымкентте сотталған жігіт "не үшін?" деп жылап жіберді
Загрузка...