Архивтегі фото

Ақтауда кәріз құдығынан жетілмей қалған сәбидің денесі табылды

64
Полицейлер "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады

АСТАНА, 13 ақпан – Sputnik. Ақтау полицейлері жатырындағы баладан құтылған ананы іздестіріп жатыр. Эмбрион емхана аумағындағы құдықтан табылған.

Құдықтағы ұрықты кәріз бекетінің жұмысшысы байқап қалған көрінеді. Ол дереу полиция басқармасына хабарлаған. Полицейлер "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі таңда әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлады "Астана" арансы.   

"Кәріз сорғыш станциясында жетілмей қалған сәби табылғаны туралы Ақтау полиция басқармасына хабарлама түсті.

Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне енгізілді.Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - дейді Маңғыстау облыстық полиция департаментінің бөлім басшысы міндетін атқарушы Әйгерім Ибатуллаева.  

64
Кілт сөздер:
қылмыс, кәріз құдығы, нәресте
Тақырып бойынша
Қостанайда баласын шелекке тастап кеткен әйелдің аналық сезімі оянды
Қостанайда қоқыс жәшігінен табылған нәресте шетінеп кетті
Павлодарда қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды
Қостанайда баласын тастап кеткен әйел Астанада ұсталды
Загрузка...