Кісен

Шымкенттегі ауқатты ерлі-зайыптының өлімі: күдікті ұсталды

1137
Ұсталған ер адам кісі өлтіргенін мойындады

АСТАНА, 18 ақпан — Sputnik. Шымкент полициясы 6 ақпанға қараған түні жеке үйлердің бірінде елі-зайыптыны өлтірді деген күдікпен 27 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Шымкенттің полиция департаментінің жедел қызметкерлері отбасыны өлтірді деген күдіктіні он күн ішінде ұстады, деп хабарлады "Отырар" өңірлік порталы.

Ұсталған 27 жастағы жергілікті тұрғын бастапқы тергеу кезінде қылмысын мойындады. Полицияның сөзіне сүйенсек, оқиға орнын тінту барысында қылмысты дәлелдейтін заттай айғақтар табылған.

"Сотқа дейінгі тергеулер жалғасып жатыр, күдікті қамауға алынды. Басқа мәліметтер тергеу аяқталғанша хабарланбайды", - деп мәлімет берді Шымкенттің полиция департаменті.

Кісі өлтіру
© Sputnik / Табылды Кадырбеков

Ерлі-зайыптыны 6 ақпанға қараған түні өлтіріп кеткен.

Полиция о баста қылмыстың қаза тапқандардың жеке кәсіпкерлігімен байланысты екенін пайымдаған, себебі олар бизнеспен айналысып, жақсы табыс тауып жүріпті. Бастапқы деректерге сүйенсек, ер мен әйел оқ және пышақ жарақатынан көз жұмған.

Қазақстанның Қылмыстық кодексі 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеулер жалғасып жатыр. Бұл бапқа сәйкес күдікті сегіз жылдан жиырма жылға дейін сотталуы немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Шымкентте жігіт қызды алып қашып, әйелі болуға мәжбүрлеген

1137
Кілт сөздер:
ұстау, күдікті, бизнесмендер, ерлі-зайыпты, кісі өлтіру, Шымкент
Тақырып:
Шымкент жаңалықтары (57)
Тақырып бойынша
Шымкентте сатушы әйелдің әрекетінен кейін тонаушы қашуға мәжбүр болды
Шымкентте жарылыс болып, екі адам ауруханаға түсті – оқиға орнынан фото
Шымкентте 13 жастағы жасөспірім жанып жатқан үйден екі баланы алып шықты
Шымкентте көп балалы отбасыларға берілетін көмек 100 мың теңгеге көбеймек
Шымкентте жас келіншек сауда орталығының дәретханасында босанып қалды
Загрузка...