Астанада ер адам қолдан жасалған бомбаны жармақшы

Астана орталығында ер адам газ бaллонын жармақшы

1113
(Жаңартылды 15:39 20.02.2019)
Қазмедиа орталығының алдын полиция қоршауға алды

АСТАНА, 20 ақпан - Sputnik. Қазмедиа орталығы алдында ер адам газ баллонын жармақшы, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция қызметкерлері ғимаратты қоршауға алып, далаға шыққан тілшілерді ішіне қайта кіргізді.

Люди в здании Казмедиацентра
© Sputnik /
"Қазмедиаорталық" ішіндегі адамдар

Болжам бойынша, ер адам Жамбыл облысы Ойтал ауылынан келген. Ол биліктен 20 жыл бойы қол жеткізе алмаған жер учаскесін талап етіп отыр.

Полиция қызметкерлері "Қазмедиаорталық" қызметкерлерін сыртқа шығармай жатыр. Олар ғимараттың алдындағы көліктеріне алып тастау үшін далаға шықпақшы.

Полиция оцепила дорогу в районе Казмедиацентра
© Sputnik / Жания Уранкаева
Төтенше оқиға болған жерді полиция қоршауға алды

Оқиға орнында 25 полиция қызметкері жұмыс істеуде.

Ішкі істер министрінің кеңесшісі Нұрділдә Ораз БАҚ өкілдеріне оқиға орнына шыққанын хабарлап, 10 минуттан кейін ресми жауап болатынын жеткізді.

1113
Кілт сөздер:
жарылыс, бомба, Астана
Загрузка...