Ночь, девушка

"Күйеуімен бірге келген" Алматыда жезөкше әйел клиентін қинап өлтірді

4476
(Жаңартылды 14:33 21.02.2019)
Ер адамды өлтірген жезөкше әйел мен оның күйеуіне сот үкімі шықты

АСТАНА, 21 ақпан – Sputnik. Алматыда клиентін өлтіріп, кейін оны тонап кеткен жеңіл жүрісті әйел 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ер адамды өлтірген жезөкше әйел мен оның күйеуіне сот үкімі шықты.

Белгілі болғандай, оқиға 2018 жылдың 8 қарашасында түнде болған. Жалға алынған пәтерде жеңіл жүрісті әйел мен клиент сөзге келіп қалады. Оған екеуінің арасындағы алдын ала уағдаластықтың бұзылуы себеп болған. Жанжал соңы төбелеске ұласып, артынша әйел шампан бөтелкесімен ер адамның басынан бірнеше рет ұрған. Клиент керуетке құлап түседі.

"Бірақ, сотталушы А. мұнымен тоқтамай, шыны сынығымен жәбірленушінің тамағынан орып жіберді. Кейін есікті сыртынан жауып, ізін жасырған. Алайда көп ұзамай пәтерге күйеуімен бірге оралып, клиентті тонап кетеді. Бұған қоса, қансырап жатқан ер адамды банк картасының пин-кодын айтуға мәжбүрлеген", - деп баяндады сотта істің мән-жайын.

Сотта ерлі-зайыпты кінәсін жарым-жартылай мойындады. Сот үкімімен әйел айыпты деп танылып, сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ал "түнгі көбелектің" күйеуі үш жылға сотталды.

Тағы оқыңыз: Әйел жоғалып кеткен сіңлісінің мәйітін 18 жыл тоңазытқышта сақтап келген

Енді олар жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Процессуалды шешім шығарарда, сот олардың қылмысты жасағаны үшін өкінетінін, баласының барын және басқа да мән-жайды ескерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

4476
Кілт сөздер:
сот үкімі, жезөкше, клиенттер, Алматы
Тақырып бойынша
Бойдақ жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкше ұсталды
Әйел 18 жастағы қызын ұзақ уақыт бойы зорлап келген күйеуін өлтірді
"Туғым келмеген еді": Павлодарда анасы екі айлық сәбиін аяусыз ұрып өлтірді
Қостанай облысында Ұлы Отан соғысының ардагері өз туысын өлтірді
Загрузка...