Архивтегі фото

Қазақстандық әйел Ресейде пластикалық ота жасатқаннан кейін көз жұмды 

736
39 жастағы әйел отадан кейін бірден комаға түсіп, есін жимаған

АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Пластикалық ота жасату үшін Саратов клиникаларының біріне барған Қазақстан азаматы көз жұмды, ол операциядан кейін комаға түсіп, есін жимаған.   

"Новости Саратова" порталының мәліметінше, оқиға бейсенбі, 21 ақпан күні TerraSomnia клиникасында болған. Отыз тоғыз жастағы әйелге липосакция – хирургиялық жолмен май қыртыстарын алып тастау отасы жасалған.

Саратов прокуратурасы клиникада науқастың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады. Аталған дерек бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр, деп хабарлады РИА Новости.

Роза Рымбаева бетіне пластикалық ота жасатқанын мойындады  

Сондай-ақ пластикалық хирургия қызметін көрсететін осы клиникада 2017 жылы да науқас көз жұмғаны хабарланып отыр. Ал екі күн бұрын тағы бір әйел клиникаға жарақат келтіргені үшін шағымданған.  

Прокуратура бұл клиниканың қызметі тоқтатылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

736
Кілт сөздер:
трагедия, Ресей, пластикалық ота
Тақырып бойынша
Астаналық "қарт балаға" пластикалық ота жасалды
20 сағат бойы жұмыс істеген хирург ота үстінде ұйықтап кетті
Кеудесіне пластикалық ота жасатқан алматылық әйел көз жұмды
Ауруханада ота жасатқан науқастың жарасын скотчпен таңып берген
Алматыда науқасы көз жұмған пластикалық хирург жазадан құтылып кетті
Дәрігер ота кезінде науқастан қомақты ақша талап еткен
Загрузка...