Өрт, архив сурет

Қостанайдағы жойқын өрт: бір көшедегі екі үй отқа оранды

149
(Жаңартылды 11:59 28.02.2019)
Бастапқы деректерге сүйенсек, өртке электр желісіндегі қысқа тұйықталу себеп болған

АСТАНА, 28 ақпан — Sputnik. Қостанай қаласының шағын аудандарының бірінде екі үйден өрт шықты, деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

27 ақпан күні кешкісін Ақсу көшесіндегі екі жеке тұрғын үй отқа оранды. Оқиға орнына 19 өрт сөндіруші мен 8 көлік аттандырылған.

"Қостанайдың Қостанай-2 шағын ауданы Ақсу көшесінде сағат 17:00 кезінде ауданы 150 және 200 шаршы метр 5-ші және 7-ші үй өртенді. Өрт 18:50-де ауыздықталып, 19:03-те сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады Қостанай облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Назарбаев Тараздағы төтенше оқиғаға қатысты көңіл айтты

Бастапқы болжамға сүйенсек, өртке электр желісіндегі қысқаша тұйықталу себеп болған.

Естеріңізге сала кетсек, сол күні Таразда төрт қабатты үйде газ жарылып, салдарынан үш адам қаза тапқан еді.

Тараздағы жарылыс: үкіметтік комиссия оқиға орнына аттанды

149
Тақырып бойынша
Апалы-сіңлілі бес қыздың өмірін жалмаған өрт – оқиға орнынан видео
Астанада жатақханада өрт шығып, бір отбасының төрт баласы уланып қалды
Астананың сол жағалауында жойқын өрт шықты – видео
Астанадағы ірі өрт: құтқарушылар оқиғаның мән-жайын айтты
"Әдейі өрт қойған": Қостанайда зейнеткердің жұмбақ өлімінен кейін іс қозғалды
Астананың орталығында тұрғын үй кешенінен өрт шықты – фото
Загрузка...