Оқиға

Қостанайда жүргізушіні пышақтамақ болған қаскүнем таяқ жеп қалды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины с ножом в руке
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобус жүргізушісі каратэнің әдісін қолданып, бір ажалдан қалды

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Қостанайда ер адам автобус жүргізушісіне пышақ ала жүгірді, деп хабарлады "Алау".

Бұзақы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде бір топ жігіт көшеде келе жатқан кісіні аяусыз ұрып-соғып, пышақтап кетті - видео
Оқиға сәрсенбі, 6 наурыз күні кешке болған. Жүргізуші соңғы аялдамаға келіп, жолаушылардың барлығын түсіреді. Автобус тұраққа келіп тоқтаған, жүргізуші салонда ер адам қалып қойғанын байқамаған.   

Жолаушы күтпеген жерден жүргізушінің кабинасына кіріп келіп, оны пышақтамақ болған. Абырой болғанда жүргізуші каратэнің әдісін қолданып, қаскүнемге тойтарыс берген. Оның үстіне, тұраққа басқа автобус келіп қалып, оның жүргізушісі әріптесіне көмекке ұмтылады.

Кейін олар полиция шақырып, шабуылдаушыны ұстатып жіберіпті. Қылмыскердің неге бұлай істегені белгісіз.   

Жаңалықтар
0