Астанадағы өрт

Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттен 25 адам құтқарылды - фото

420
(Жаңартылды 13:16 10.03.2019)
Құтқарушылар тұрғын үйден 50 адамды эвакуациялады, олардың 12-сі - балалар

АСТАНА, 10 наурыз – Sputnik. Астанадағы тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт сөндірушілер 25 адамды құтқарды, олардың төртеуі – балалар, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

"Бүгін 10 наурызда сағат 11:16 кезінде Құдайбердіұлы 31/1 мекенжайы бойынша орналасқан үйден өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жеті минутта жеткен өрт сөндірушілер тоғыз қабатты тұрғын үйдің екінші қабатында 20 шаршы метр жатын бөлмеде жиһаз бен үй заттары өртенгенін анықтады", - делінген хабарламада.

Қалың түтін салдарынан адамдарға қауіп төніп, өрт сөндірушілер бірден құтқару шарасына кіріскен. Автобаспалдақтың көмегімен 25 адам құтқарылды, олардың төртеуі балалар. Ғимараттан елу адам эвакуацияланыпты, арасында 12 бала бар.

Өрт 11.33-те ауыздықталып, сөндірілді. Себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 25 адам және жеті техника жұмылдырылған.

  • Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
    Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
    © Foto : Төтенше жағдайлар комитеті
  • Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
    Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты
    © Foto : Төтенше жағдайлар комитеті
  • Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
    Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
    © Foto : Төтенше жағдайлар комитеті
1 / 3
© Foto : Төтенше жағдайлар комитеті
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты
420
Кілт сөздер:
құтқару, төтенше жағдай, өрт, Астана
Загрузка...