Жедел жәрдем көлігі, архивтегі фото

Қарағандыда спорт секциясында 14 жастағы бала көз жұмды

89
Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қарағандының іргесіндегі Дубовка ауылында "каратэ" секциясында 14 жастағы бала жарақат алып, қайтыс болды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"2019 жылы 8 наурызда Дубовка ауылының 14 жастағы тұрғыны жедел жәрдем көлігімен облыстық кардиология орталығына бара жатқан жолда көз жұмды", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшылары "каратэ" секциясында 14 жастағы баланың дене жарақатын алғанын анықтаған.

"Болған оқиғаның толық мән-жайын және себеп-салдарын жан-жақты нақтылау мақсатында сотқа дейінгі тергеу басталды. Оның қорытындысы бойынша бапкер мен жедел жәрдем қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі", - дейді облыстық полиция департаментінің қызметкерлері.

Сонымен қатар құзырлы орган мамандары басқа мәлімет ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайтынын атап өтті.

89
Кілт сөздер:
трагедия, спорт зал, оқушы
Тақырып бойынша
Екібастұзда екі оқушы түнде бесінші қабаттан құлады, біреуі көз жұмған
Оқушы қыз тапаншамен селфи жасаймын деп өзінің бетіне атып жіберді
Оралда мектепте мұғалім көз жұмды
Алматы облысында мектепте 4-сынып оқушысы көз жұмды
Загрузка...