Оқиға

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында бойжеткен мен үш жасар сәби қаза тапты

© SputnikЖол апаты
Жол апаты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соқтығысқан екі көліктің жүргізушілері ауруханада жатыр, жолаушылар оқиға орнында көз жұмды

АЛМАТЫ, 26 наурыз — Sputnik. Алматыда жаңа Саин көшесінде жантүршігерлік жол апаты болды.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Hyundai Accent Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Индустриялық аймаққа қарай бұрылмақ болады.

© SputnikСаин көшесінде екі көлік соқтығысты
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында бойжеткен мен үш жасар сәби қаза тапты - Sputnik Қазақстан
Саин көшесінде екі көлік соқтығысты

Дәл сол уақытта осы көше бойымен Toyota Land Cruiser Prado оңтүстік бағытта келе жатады. Жол талғамайтын авто Hyundai көлігіне бір-ақ соғылады да,  қатты соққыдан жеңіл көлік бір шетке ұшып кетіп, арыққа түседі.

Жол апаты салдарынан екі жүргізуші әртүрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

© SputnikЖол апатынан бойжеткен мен кішкентай бала қаза тапты
Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында бойжеткен мен үш жасар сәби қаза тапты - Sputnik Қазақстан
Жол апатынан бойжеткен мен кішкентай бала қаза тапты

Hyundai жолаушылары – бойжеткен мен 2016 жылы туған сәби жедел жәрдем келгенше қаза тапты.

Жол апаты орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жаңалықтар
0