Қыз

"Апама хабарласыңызшы" Көкшетауда көшеден табылған хат әйелдің өмірін құтқарды

3609
Көкшетау тұрғыны әйелді тұтқыннан босатты. Оқиға 26 наурыз күні болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Көкшетау қаласының тұрғыны көшеден хат тауып алып, 35 жастағы әйелді құтқарды, деп хабарлайды кokshetau.asia порталы.

Ер азамат шаһардағы Уәлиханов көшесінде орналасқан үйдің терезесінің жанындағы ағаштан хат тауып алған. Онда "менің апама хабарласыңызшы, мені үйде тұтқын ретінде ұстап отыр" деп жазылған екен. Жігіт хатта көрсетілген нөмірге хабарласып, болған жағдайды түсіндірген.

Әйелдің апасы бірден полицияға хабар береді. Тәртіп сақшылары әйелді күшпен ұстап отырған мекен-жайға барған.

Полицейлер есікті сындырып үйге кірген. Онда 1984 жылы туған әйел мен 1980 жылғы еркек отырған. Ер азамат мас болған. Олардың арасында отбасылық жанжал шыққаны белгілі болды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында полиция іске қатысы бар барлық азаматты бөлімшеге алып барған. Алайда тұтқын әйел тәртіп сақшыларына арыз жазбапты.

3609
Кілт сөздер:
тұтқын, хат, Көкшетау
Тақырып бойынша
Астанада жас жігіт жоғары қабаттан секіріп кетті: өлер алдында хат жазып қалдырған
АҚШ-тың әскери базасында хатты ашқаннан кейін 11 адам зардап шекті
"Келесі сенсің!" Шөпті өртеп, хат қалдырып жүрген қаскөй бүкіл ауылды үрейде ұстап отыр
WhatsApp арқылы енесіне хат жазған атыраулық жігіттің басы бәлеге қалды
Загрузка...