Ми-8. Архивтегі фото

Бортта 13 адам болған: Қызылордада құлаған тікұшаққа қатысты тың мәлімет шықты

5582
(Жаңартылды 22:15 27.03.2019)
Бұған дейін Қызылорда облысының Жалағаш ауданында тікұшақ құлап, өртеніп кеткенін хабарлаған едік

НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында құлаған тікұшақта 13 адам болған, қаза тапқандар бар, деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.  

"2019 жылдың 27 наурызында ҚР ҚК ӘҚК Әскери-әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 13 адам болған. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға орнында қаза тапқандар бар. Зардап шеккендердің жағдайы анықталып жатыр. Тікұшақ 4 әскери тікұшақтан тұратын бөлімнің құрамында Ақтау қаласынан Шымкент қаласына бара жатқан", - деп жазылған хабарламада.

Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаевтың бұйрығымен министрліктің арнайы құрылған комиссиясы апат орнына жіберілді.

"Қазіргі уақытта төрт тікұшақтың екеуі Қызылорда қаласына қонды, ал бір тікұшақ апат орнына қайтып оралды. Қазақстан Қорғаныс министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, оқиғаның себебін тергеуді бастады", - деп толықтырды министрліктегілер.

5582
Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, апат, тікұшақ
Тақырып бойынша
Ми-8 құлауына басқа тікұшақ себеп болған – бастапқы болжамдар
Хабаровскіде тікұшақ апатқа ұшырады: оқиға орнында түсірілген видео
Алматыда тікұшақ құлады – жантүршігерлік суреттер
Қырғызстандағы тікұшақ апаты: Қазақстан альпинистерді қалай құтқарды?
Тікұшақ 62 жастағы ер адамның басын жұлып әкетті
Сарапшы Алматыдағы тікұшақ апатының үш нұсқасын атады
Загрузка...