Оқиға

Қызылордадағы тікұшақ апаты: прокуратура қылмыстық іс қозғады

© Sputnik / Владислав ВодневАндрей Лукин
Андрей Лукин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кеше Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы 13 адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Бас прокурордың орынбасары Андрей Лукин Қызылорда облысында әскери тікұшақтың құлауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Кабина вертолета, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жалағаштағы тікұшақ апаты: қаза тапқандардың есімдері жарияланды

Оның айтуынша, әуе апатына қатысты қозғалған қылмыстық істер бас әскери прокуратураның бақылауында, түрлі сараптамалар жүргізіліп жатыр.

"Барлық қажетті тергеу амалдарын Қазақстанның бас прокуроры өз бақылауына алды. "Ұшу ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу басталды", - деді Лукин сенат кулуарында.

Еске сала кетсек, кеше кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың барлығы қаза тапты.

Қызылордадағы тікұшақ апаты - оқиға орнында түсірілген видео

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Жаңалықтар
0