Оқиға

Баландин мен Теннің көлігі бір жерде тоналды: министр ойын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЕрлан Тұрғымбаев
Ерлан Тұрғымбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұрғымбаев қазір көлік тоналған маңда жасақ күшейтілгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин мен марқұм Денис Теннің көлігінің бір жерде тоналуы жай ғана сәйкестік. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев осындай пікірде, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі.

Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда Олимпиада чемпионын тонап кетті
"Қылмыс бүкіл әлемде жасалады. Дәл сол жерде Олимпиада чемпионына қатысты қандай да бір акция өткізілді дегенге өз басым түбегейлі қарсымын. Бұл, біріншіден, сәйкестік. Қаланың ортасы, шын мәнісінде тұрақ орындары өте көп. Бейнебақылау жүйесі мен полицейлердің жедел жұмысының арқасында бір тәулік ішінде қылмыс ашылып, қаскөй ұсталды", - деді министр үкімет кулуарында.

Тұрғымбаев қазір көлік тоналған маңда жасақ күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ, қазір тәртіп сақшылары автокөлік айналарын өткізетін орындарда рейд жүргізуде.

"Заңсыз жұмыс істеген базарлардың бәрі жабылды. Қазір, негізінен, зауытта дайындалған бөлшектерді сатып жатыр. Ал ұрланған бөлшектердің сатылуы полицейлердің қатаң бақылауында", - деп сендірді Тұрғымбаев.

Ол Алматы үлкен мегаполис болғандықтан, қаскөйлерді еліктіретін, арбайтын дүние көп екенін айтты.

"Ірі қалаларда ақша да көп, банктер, базарлар бар. Барлық алаяқ жеңіл жолмен байып, пайдаға кенелгісі келеді. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында "Сергек" камераларының көмегімен заң бұзушылықтың 70 процентке жуығы анықталады. Болашақта біз бұл жүйені кеңейтеміз, Нұр-Сұлтан мен Алматы техникалық жағынан дайын", - деді министр.

Сондай-ақ, журналистер Тұрғымбаевтан белгілі спортшылардың көлігінің тоналуына жол бергені үшін Алматы полиция департаментінің басшысы жауапқа тартыла ма деп сұрады.

Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Видеоға түсіп қалған: Баландиннің көлігін кім тонағаны анықталды  
"Не үшін? Қылмысты бір тәулік ішінде ашқаны үшін бе? Алдын алу шараларын тағы да қарастырамыз. Жазаға тартылуы мүмкін бе, жоқ па, ол туралы айтпай-ақ қояйын. Тексеріс жүргізіп, қылмыскердің ол жерге қалай тап болды, оқиғаның қалай болғаны туралы жауап береміз", - деді ведомство басшысы.

Еске сала кетсек, жақында Алматыда Абылайхан – Құрманғазы – Байсейітова көшелері қиылысқан ауданда Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландиннің көлігінің айнасы ұрланды. Спортшы бір жыл бұрын Денис Тенді өлтіріп кеткен жерге жақын маңдағы дәмханаға достарымен кездесуге барған. Дәмханадан шыққанда, Toyota Land Cruiser көлігінің айнасы жоқ болған. Ол бірден полицияға хабар берген. Көліктің айнасы шамамен 400 мың теңге тұратын көрінеді.

Жаңалықтар
0