Зорлық-зомбылық

Орал тұрғыны үйіне шақырған жезөкшені өлтіріп, денесін әжетханаға тастаған

4441
(Жаңартылды 16:46 03.04.2019)
Қыздың денесін полиция бір жарым айдан соң бір-ақ тапқан

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір – Sputnik. Орал қаласында былтыр күзде болған жантүршігерлік оқиғаға қатысты сот үкімі шығып, қылмыскер ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.

Қылмыс 2018 жылдың 29 қазанында болған. Сотталушы Александр Бесштанов жеңіл жүрісті қызбен үйінде ішімдік ішіп отырады. Бір кезде қыз көрсеткен қызметінің ақысын талап еткенде, екеуінің арасында кикілжің пайда болады. Ер адам жезөкшені өлтіру үшін бетінен бір ұрып, сол жақ тізесімен мойынын басып, аузы-мұрыны жауып, төрт минуттай тұншықтырған. Кейін Бесштанов оның киімін шешіп, аулаға апарып өртеп жібереді де, денесін төсек жаймаға орап, скотчпен жапсырып, өзінің ауласындағы әжетханаға тастай салады. Мәйіт сол жерде бір жарым ай жатыпты.

Жезөкшенің денесін табуға сол күні Бесштановтың үйіне қызды жеткізіп салған такси жүргізушісі көмектесті. Сотталушы полицияға әжетхананы көрсетіп, мәйіт сонда жатқанын айтқан.

40 жастағы Александр Бесштанов ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлімі бойынша айыпталып, 13,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын төтенше қауіпсіздік жүйесінің түзету мекемесінде өтейді, сондай-ақ маскүнемдіктен мәжбүрлі түрде емделетін болады. Бұдан бөлек, сотталған азамат қаза тапқан әйелдің анасына моральдық шығын ретінде 3,5 миллион теңге, материалдық шығын ретінде 415 мың теңге төлеуі тиіс. Сот үкім шығарғанда сотталушының кішкентай баласы барын ескерген.

Қылмыскер кінәсін ішінара мойындады. Оның айтуынша, қыз "зорладың деп арыз түсірем" деп қорқытып, 70 мың теңге талап еткен көрінеді. Ер адам сол себепті жантүршігерлік қылмысқа барыпты-мыс.

Қаза тапқан қыздың анасы сот үкімімен толық келісетінін айтты.

"Қызым енді жоқ. Қандай болса да, перзентім ғой, өзім бағып-қағып өсірдім. Небәрі 25-те ғана еді, менімен бірге тұратын. Тіпті хайуанға да мұндай қиянат жасамайды. Осы айлар бойы тірі шығар, табылып қалар деп үміттендім. Қоштаса да алмадым. Маған салса, бұл жауызды өз қолыммен өлтірер едім. Қызымды аяусыз өлтірген. Соғыс кезінде де мұндай қатыгездік болмаған шығар. Ешкімнің басына бермесін. Жүрегім сезеді, әжетханаға тастағанында, қызым тірі болатын. Құдай жазасын берсін", - деді қыздың анасы.

Ал сотталған ер адамның туыстары соттың үкімі тым қатал деп отыр.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ, шағым түсіруге болады.

4441
Кілт сөздер:
үкім, қылмыс, әжетхана, жезөкше, Орал
Тақырып бойынша
Алматыда жоғалып кеткен 17 жастағы қыз жезөкшелікпен айналысқан
Астана вокзалында жезөкшелер ордасын құрған "жеңгетай" мен сыбайластары сотталды
Министр жезөкшелерді қамшымен сабаған рэперге кеңес берді
Бойдақ жігіттерге қасақана ВИЧ жұқтырған жезөкше ұсталды
Өзбекстанда ауыр қылмыс жасаған әйел Қазақстан азаматтығын алған
Загрузка...