Оқиға

Алматы облысында жоғалған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр

© Photo : департамент полиции Алматинской области Анастасия Галееваның мәйітін іздеу жұмыстары
 Анастасия Галееваның мәйітін іздеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыз 10 ақпан күні жоғалған, бірақ ол сол күйі табылған жоқ

ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 сәуір— Sputnik. Алматы облысының полициясы Анастасия Галееваның қаза тапқаны жайлы болжамды тексеріп жатыр, қазір су түбін қарау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Астанада атомның татуировкасын салдырған қыз жоғалып кетті
Бұған дейін хабарланғандай, 22 жастағы алматылық Анастасия Галеева 10 ақпан күні Талғар ауданында тұратын құрбысының үйіне кеткен, сол уақыттан бері із-түзсіз кеткендердің қатарында.

16 ақпан күні туыстары жергілікті полицейлерге оның жоғалып кеткенін хабарлаған. Анастасияны іздеуге тәртіп сақшылары мен туыстарынан бөлек еріктілер де атсалысты.

Наурыз айының басында қыздың туыстары Анастасия көз жұмғанын, оның денесін өзенге лақтырып жіберуі мүмкін екенін айтқан болатын, бірақ әлі күнге дейін мәйітті іздестіру жұмыстары нәтиже бермей отыр.

Алматы облысы полициясының мәліметінше, қызды іздеу жұмыстары жалғасуда.

"Су түбін сүңгуірлер бірнеше рет шолып шықты. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен сүңгуірлер екі каналды қарап, ауқымды іздеу жұмыстарын ұйымдастырды. Қазір іздеу шаралары жалғасып жатыр", - деп хабарлады полиция.

© Photo : департамент полиции Алматинской области Алматы облысында полиция Анастасия Галееваның мәйітін іздеп жатыр
Алматы облысында жоғалған қыздың мәйіті іздестіріліп жатыр - Sputnik Қазақстан
Алматы облысында полиция Анастасия Галееваның мәйітін іздеп жатыр

Ведомствоның баспасөз қызметі Анастасия Галееваны іздеуге Талғар ауданының полиция қызметкерлерінен бөлек, облыстық қылмыстық іздеу бөлімінің қызметкерлері де қосылғанын айта кетті. Іздеу жұмыстары департамент басшылығының қатаң бақылауында болады.  

Жаңалықтар
0