Жедел жәрдем

Алматы тұрғынының қолында белгісіз зат жарылып кетті

369
Зардап шегуші қалалық ауруханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Алматы тұрғыны қолындағы белгісіз заттың жарылуынан зардап шекті. Дәрігерлердің айтуынша, жағдайы өте ауыр – ауруханаға түскен кезде денесі, қол-аяғы күйіп, миы шайқалғаны анықталған.

Төтенше оқиға 16 сәуір күні таңертең Алматының Жетісу ауданында болды.

"Белгісіз затты пайдаланғанда қауіпсіздік ережесін сақтамағандықтан, 1985 жылы туған азамат И. күйіп қалды", - делінген Алматының полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицейлер хабарлағандай, зардап шеккеннің қолында қандай зат жарылғаны әлі белгісіз. Қазір бұл жайтты жедел тергеу тобының қызметкерлері анықтап жатыр.

Нұр-Сұлтандағы жарылыс: үйінді астынан әйел адамның денесі табылды

"Оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді, заттың не екені анықталып жатыр", - деп мәлімет берді тәртіп сақшылары.

Зардап шегуші Алматыдағы ауруханалардың бірінде жансақтау бөліміне жатқызылыпты. Дәрігерлердің айтуынша, денесі мен қол-аяғы күйіп қалған, миы шайқалып, қолынан бірнеше жарақат алған екен.

Павлодарда бес қабатты үйде жарылыс болды

369
Кілт сөздер:
зардап шегуші, жарылыс, Алматы
Тақырып бойынша
Астана орталығында жарылыс жасамақ болған ер адамды полиция қалай тоқтатты - видео
Таразда көпқабатты үйде жарылыс болды - видео
Қытайда жойқын жарылыс салдарынан жер сілкініп, 64 адам ажал құшты
Хиросима бомбасынан 10 есе жойқын метеорит жарылды
Загрузка...