Пожарные

Нұр-Сұлтанда тоғыз қабатты үйден өрт шықты: 4 бала ауруханада жатыр

288
(Жаңартылды 18:08 28.04.2019)
Оқиға орнына алты минутта жеткен өрт сөндірушілер жалынды тез ауыздықтаған

НҰР-СҰЛТАН,  28 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 5 адам зардап шекті, оның төртеуі – бала, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

28 сәуір сағат 09.58-де Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі тоғыз қабатты үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минутта жетеді.

"Олар жеткенде 9 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің жатын бөлмесінде жиһаздар, төбе жабындысы жанып жатқан. Өрт шарпыған аумақ 8 шаршы метр. Жалын сағат 10.10-да ауыздықталды", - деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Пәтерде болған 31 жастағы әйел, 7 жасар ұл бала, 2 және 5 жасар үш қыз бала иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге барлығы 7 техника мен 26 адам жұмылдырылған.

288
Кілт сөздер:
өрт, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Әбілқасымова Астанадағы өрттен кейін бірінші рет БАҚ алдына шықты - видео
Астанада өрттен қаза болған 5 қыздың әкесі: уақыт емші емес – видео
Өрттен қаза болған балаларды жерлеуге мыңдаған астаналық келді – видео
Астанадағы қайғылы оқиға: өрттен қаза болған бес баланың отбасы туралы белгілі болды
Қарағандыда көпқабатты үйде шыққан өрттен 3 бала зардап шекті
Астанада көпқабатты үйден шыққан өрттен 25 адам құтқарылды - фото
Загрузка...