Көліктің сынған шынысы

Шығыс Қазақстанда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: 6 адам қаза болды

184
Көліктердің бірі қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында болған апатта 6 адам қаза болып, тағы 8 адам түрлі жарақат алды. 

Қайғылы оқиға, 28 сәуір, жексенбі күні кешкі сағат 17:00 шамасында Семей-Қарауыл тас жолында болған болған. Tоyota Corolla мен Lada Priora көліктері соқтығысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Усть-Каменогорск | ВКО (@oskementimes)

Оқиға орнына бірден ШҚО Абай ауданы полиция бөлімінің кезекші тобы жетті, деп хабарлайды ustinka.kz. порталы.

Полицейлердің айтуынша, Қарауыл ауылынан Семейге бет алған Tоyota Corolla көлігінің 47 жастағы жүргізушісі Lada Priora-мен соқтығысқан. Оның тізгінінде 32 жастағы әйел отырған болатын. Көліктердің бірі қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам көз жұмды. Арасында бір жасар сәби де бар. Тағы сегіз адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді",- деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Автобус үйдің төбесіне құлады: 29 адам көз жұмған

Полиция қызметкерлері куәгерлерден ақпарат алып, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бірқатар сараптама жүргізілетін болады. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (көлiк құралын басқару кезінде абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес тергеу басталды.

184
Кілт сөздер:
адам, жол апаты, Шығыс Қазақстан
Тақырып бойынша
Актрисаның өлімі: Ілияс Карға қатысты үкім қайта қаралды
Назарбаев көшесіндегі жол апатынан жүргізуші көз жұмды
Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды
Алматыда рөлде отырған қыз есінен танып қалды: көлік ағашқа соғылған - фото
Алматыда баланы қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, қашып кетті
Загрузка...