Шаляпин көшесінде жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты

Алматыда мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты зардап шеккендер бар

95
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 2 мамыр — Sputnik. Алматыда мамырдың 1-нен 2-не қараған түні мотоцикл мен жеңіл көлік соқтығысты, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Galant көлігі Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытқа қарай бара жатқан. Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелеріне жеткенде жүргізуші артқа бұрылмақ болыпты.

Легковое авто и мотоцикл столкнулись на ул. Шаляпина
Sputnik
Шаляпин көшесінде жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысты

Дәл осы кезде Шаляпин көшесімен шығыс бағытқа қарай Yamaha мотоциклі жүріп келе жатқан. Ол дер кезінде бұрылып кете алмай, аса қатты жылдамдықпен Mitsubishi көлігіне соғылды.

Салдарынан мотоцикл жүргізушісі мен жолаушысы жарақаттанды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

95
Кілт сөздер:
жылдамдықты асыру, Алматы, жеңіл көлік, мотоцикл
Тақырып бойынша
Қазақстанда тағы да 3 автобус соқтығысты – жантүршігерлік апаттың видеосы шықты  
Жолаушылар ұшағы тікұшақпен соқтығысты: оқиғаның видеосы шықты
Қостанай әуежайына қонған ұшақтың дөңгелегі жер астына түсіп кетті
Автобус үйдің төбесіне құлады: 29 адам көз жұмған
Шығыс Қазақстанда екі көлік бетпе-бет соқтығысты: 6 адам қаза болды
Загрузка...