Оқиға

"Аяқ киіммен бір қойды" Алматыда балаларды ұрып-соққан тәрбиеші істі болып жатыр

© Photo : Anita S.Бала бетін жауып отыр
Бала бетін жауып отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
35 жастағы балабақша тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Алматының полиция департаменті балабақша тәрбиешісі балаларға зорлық-зомбылық көрсетіп жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Балаларды ұрып-соғу видеосы болжам бойынша №37 балабақшада түсірілген, кеше Instagram желісінде жарияланды. Кадрларда тәрбиеші екі сәбиді төсектен жұлқып тұрғызып, бірнеше рет шапалақпен тартып жібереді де, артынша аяқ киіммен ұрады.

Тағы оқыңыз: Балабақша меңгерушісі балаға ұрысып, жерді сүйгізді - видео

Қазір бұл оқиғаға қатысты Алатау ауданының полициясы тергеу жүргізіп жатыр. Полицияға ата-аналардың бірі кеше түнде арыз беріпті.

"Бұл дерек ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. 35 жастағы балабақша тәрбиешісі қылмыстық жауапқа тартылған", - деп мәлімет берді қалалық полиция департаменті.

Тағы оқыңыз: Балабақшадағы балалар есек етін жеп келгені әшкере болды

Ведомство мәліметінше, жақын арада істің материалы сотқа жіберіледі.

Жаңалықтар
0