Өңірлер

Алматы облысында қылмыстық топ құрықталды

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуТерминал
Терминал  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция терминалдарды ұрлады деген күдікпен бұрын сотталған бес жігітті ұстады

ТАЛДЫҚОРҒАН, 21 мамыр — Sputnik. Алматы облысында полиция ұрлық пен тонауды кәсіп еткен бір топ жігітті ұстады, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Наурыздан мамырға дейін қылмыстық топ Талғар және Еңбекшіқазақ аудандарында төлем терминалдарын ұрлаған. Топтың құрамында 1991-1998 жылдары туған бұрын сотталған бес жігіт болған, қазір оларға тоғыз қылмысқа қатысты айып тағылып отыр.

Ордабасы ауданында 40-тан астам пәтер ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ ұсталды

Ұсталғандардың барлығы Талғар ауданында тұрады. Қылмыскерлер барлық жағдайда төлем терминалдарын ұрлаған.

Полиция қызметкерлері ен даладан бөлшектелген екі терминалды тауып, тергеу материалдарына айғақ зат ретінде тіркеді.   

"Зардап шеккендерге келтірілген зиян әлі есептеліп жатыр. Қазір күдіктілердің өңірдегі басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда", - деп хабарлады Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі.

Талғар аудандық полиция қызметкерлері алдын ала тергеуді бастады. Барлық бес күдікті уақытша ұстау абақтысына жабылды.

Жаңалықтар
0