Әйелдердің төбелесі, архивтегі сурет

Алматыда жүргізуші әйел емшектегі сәбиі бар келіншекке жұдырық ала жүгірді

1993
Полицияға шағымданған жәбірленуші әйел енді сот-медициналық сараптамадан өтуі керек

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Алматыда жүргізуші әйел емшектегі сәбиі бар келіншекке қол көтерді. Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы полициясы әлеуметтік желілерде тараған видеороликке қатысты түсініктеме берді.

Анықталғандай, оқиға Алматыдағы шағын аудандардың бірінде болған.

Алматылық келіншек көлікпен күйеуін екі рет басып өтті - фото

Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші әйел көлігін рұқсат етілмеген жерге қойып, сүт дүкеніне кірер жолды жауып тастаған. Емшектегі сәбиін көтерген келіншек сол сәтте дүкенге бара жатқан көрінеді. Көлік ішінде ешкім болмаған соң, ол жүргізуші сигнализация дауысына шығып қалар деген үмітпен дөңгелекті бір тепкен. Мұны байқаған көлік иесі әйелге жұдырық ала жүгірген.

Көкшетауда ішіп алған мұғалім көлікпен жасөспірімді қағып кетті

Куәгерлер ашуға мінген жүргізушіні сабасына түсіруге тырысқанымен, бұл оңайға соқпаған сияқты. Жанжалдың немен аяқталғаны белгісіз.

Видео әлеуметтік желілерде тарап кеткеннен кейін қала полициясы үнсіз қалмады. Кейінірек жәбірленуші жүргізуші әйелдің үстінен арыз жазды.

Алматылық қыз анасын көлігімен қаққан жігіттің иттік жасағанын айтып жылады

"Дене жарақатын алғаны расталды. Оқиға куәгерлерінен жауап алынды, бейнематериалдар іске қосылды. Шағымданған әйелге сот-медициналық сараптамадан өту туралы қаулы берілді", - деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Сот-медициналық сараптамадан кейін жүргізуші әйелдің қандай жазаға тартылатыны белгілі болады.

1993
Кілт сөздер:
келіншек, жүргізуші, жол апаты, Алматы
Таудағы қойшы

Жамбыл облысында екі әйелді айуандықпен өлтірген қойшының денесі табылды

2692
(Жаңартылды 10:55 02.07.2020)
Кісі қолынан қаза тапқан екі әйелдің жақындары қылмысты жалғыз адамның істеуі мүмкін емес деп болжайды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының полицейлері екі әйелді асқан айуандықпен өлтірген Өзбекстан азаматының денесін тапты. Бір ай бойы іздеуде болған қандықол қылмыскер асылып өлген, деп хабарлады КТК арнасы.

Ресми мәліметке сәйкес, қаскөйдің денесі оқиға болған ауданнан табылды. Тергеушілер оны жеке заттары арқылы кім екенін анықтаған.

"Жедел-іздестіру шаралары кезінде Тұрар Рысқұлов ауданынан өзіне қол жұмсау белгілері бар мәйіт табылды. Жеке заттарын қарай келе, оның қожалықтағы қылмысты жасаған күдікті екені анықталды. Марқұмның нақты неден қаза тапқанын анықтау үшін бірқатар сараптамалар тағайындалды", – дейді облыстық департаменттің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс мамыр айында Тұрар Рысқұлов ауданының Мамай ауылында болған. Таудағы қожалықта бірнеше ай бойы малшы болып жұмыс істеген 54 жастағы Өзбекстан азаматы екі әйелді бауыздап өлтіріп, мәйіттерін тапшанның астына жасырған. Марқұмдардың бірі – 50, екіншісі – 38 жаста.

Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында екі әйелді өлтірді деген күдікке ілінген малшы табылмай жатыр

Қылмыс болған қожалық жергілікті учаскелік полицей мен оның анасына тиесілі болған. Бірақ бұл оқиғадан соң тәртіп сақшысы іле-шала өз еркімен жұмыстан шығыпты. Сондай-ақ, ол жұрттың жағасын ұстатқан оқиға болған жерден бүкіл малын алып кеткен. Ал екі әйелдің жақындары қылмысты жалғыз адамның істеуі мүмкін емес деп болжайды.

2692
Кілт сөздер:
оқиға, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Алай-түлей бораннан кейін малшы сиырларын қар астынан күреп шығарып жатыр - видео
Тараздағы қанды оқиға: бір отбасыны қырып салған малшыға үкім шықты
Шетелдіктер қазақтың қаны мен шашын зерттеп, неге аласұрып жүр?
"Кетпеңізші деп жалынамыз": кәсіпкер депутаттар алдында жанайқайын жеткізді
"Погондыларды тергесе, күдіктілер көбейеді": тұрғындар полицейлерге сенуден қалды
Дәр-дәрмек

Парацетамол ұрлаған: Атырауда дәріхана тоналды

318
Дәріхана есігін бұзып кірген белгісіз адам дәрілер мен қоса ноутбук пен памперсті қолды еткен

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Атырауда дәрі таба алмай әбден ашынса керек, әлдебіреулер орталық көшелердің бойындағы дәріханаларды тонай бастады, деп хабарлайды КТК арнасы.
Дәріхана есігін бұзып кіргендер қазір ел таппай сандалып іздеп жүрген аспирин, парацетамол және балаларға қажет жөргектерді ұрлап кеткен.

Ұры алысқа ұзамай ұсталыпты. Дегенмен тәртіп сақшылары оның әрекетін амалдың жоқтығынан емес, "кәнігі ұрының қанға сіңген қасиеті" деп отыр.

Дәріхананың ішіне кірген белгісіз адам дәрілермен қоса ноутбук пен памперстерді қолды еткен. Полиция қызметкерерлері 1994 жылғы туған азаматты анықтап, құрықтады.

"Одан айғақ заттар табылып, барлығы тәркіленді. Тексеру кезінде ол азаматтың бұдан бұрын бірнеше рет өзгенің мүлкін ұрлағаны анықталды. Қазір ол қамауға алынды", – дейді Атырау облыстық полиция департаменітнің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Оқи отырыңыз: Парацетамолды күніне неше рет ішуге болады – денсаулық министрлігі кеңес берді

318
Кілт сөздер:
ұрлық, дәрі-дәрмек
Тақырып бойынша
ДСӘДМ ескертеді: министр ғаламторда дәрі-дәрмек жарнамалаған жоқ
Нұр-Сұлтанда қарт адамдарға дәрі-дәрмек үйге жеткізіліп жатыр
Ресейлік дәрі-дәрмек пен медтехника қазақстандықтарға аурудан айығуға көмектеседі
Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз
Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0