Кішкентай қыз

Алматыда қаршадай қызды әжетханада зорламақ болды: күдікті бұрын педофилия үшін сотталған

1615
Ұсталған ер адам бұрын жас баланы азғындағаны үшін сотталыпты

АЛМАТЫ, 24 мамыр — Sputnik. Алматыда сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорламақ болған 32 жастағы жігіт ұсталып, қамауға алынды.

Оқиға 22 мамырда Бостандық ауданындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болған екен.

Мессенджерлерде тараған хабарламаға сүйенсек, күдікті 7 жасар қызды әжетханада уысына түсірген. Анасы сыртта күтіп тұрғанда, ол бүлдіршінді кабинкаға алып кіріп, смартфонынан порнографиялық видео көрсетеді. Мұның бәрін көрші кабинкада болған әйел естіп, қызға қиянат жасағалы жатқан азғынның үстінен түседі, ол бірден күзет шақырып, полицияға хабар берген.

Тағы оқыңыз: Шымкентте 9 жасар қызға ойына келгенін істеп зорлаған азғынға үкім шықты

Полиция ведомствосы болған жайтты растап, ұсталған азаматтың 32 жастағы Ақтөбе облысының тумасы екенін айтты. Ол бұрын да осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.

"Қазір күдікті Қылмыстық кодекстің екі бабы – 121-бап 4-бөлім (Жас балаға сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсету) және 124-бап 1-бөлім (Жас баланы азғындау) – бойынша айыпталып жатыр", - деп хабарлады полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тергеушілер бірқатар сараптама тағайындаған. Істі қала полициясы мен прокуратурасының бірінші басшылары жеке бақылауына алды.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда сантехникпін деп алдап, пәтерге кірген азғын 9 жасар қызды зорлап кетті

1615
Кілт сөздер:
педофил, зорлау, Алматы
Тақырып бойынша
Түркістан облысында кішкентай қызға азғындық жасамақ болған адам ұсталды - видео
Астанада 13 жастағы қызға тиіскен педофил ұсталды
Айдалаға апарып, шешіндірген: Шығыс Қазақстанда ер адам 8 жасар қызды зорламақ болды
Шымкенттік педофилге неге xимиялық кастрация жасалмай қалғаны белгілі болды
Загрузка...