Хан-Шатыр, архивтегі сурет

Тоғыз жасар қыз Ханшатырдағы бассейнге батып кетті

367
(Жаңартылды 16:11 03.06.2019)
Кішкентай қыз ойын-сауық орталығындағы жағажай клубында сыныптастарымен бірге демалған

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым — Sputnik. Бастауыш сынып оқушысы "Хан-Шатыр" ойын-сауық орталығындағы Sky Beach Club жағажай клубында суға батып кетті.

"Хабар 24" телеарнасының ақпаратына сәйкес, оқиға 3 маусым, дүйсенбі күні сағат таңғы 11:30-да болған.

Тағы оқыңыз: Иттің соңынан суға секірген қызды құтқарамын деп ажал құшты

"Қыз 2010 жылы туған. Ол өзге балалармен бірге мектеп жанындағы лагерьге барған", - деп жазды телеарна.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қыз астанадағы №10 мектеп-гимназияда оқыған. Ол бассейнге жетекшісі және лагерьдегі өзге балалармен бірге барған. Барлығы 30 бала болыпты.

Sputnik Қазақстан тілшісіне "Ханшатыр" ойын-сауық орталығы жазбаша сауал жолдау керектігін айтты. Sky Beach клубының Instagram-дағы ресми парақшасында бассейн техникалық себептермен жабылды деген жазба жарияланған.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Sky Beach Club (@skybeach.club)

 

367
Кілт сөздер:
бассейн, қыз
Тақырып бойынша
"Бас иеміз" Дариға Назарбаева қаза болған полицейдің отбасына көңіл айтты
Қазақстанның бірнеше өңірінде суға кеткен адамдар іздестірілуде
Нұр-Сұлтанда қайда шомылуға рұқсат етілген  
Қостанай тұрғыны бала-шағасының көз алдында суға батып кетті
Телефонға үңілген келіншек бассейнде батып жатқан сәбиін көрмей қалды
Загрузка...