Тергеу

Вице-министр ісінің тестілеу орталығындағы шуға қатысы бар ма?

750
(Жаңартылды 17:10 06.06.2019)
Мамыр айында білім министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының екі басшысы ұсталған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі вице-министрдің ісі бөлек өндірісте жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналистер тарапынан "Эльмира Суханбердиеваның ісі бұған дейін ұсталған тестілеу орталығы директорының қылмысына қатысы бар ма?" деген сұрақ қойылды.

"Брифингтің басында екі қылмыстық істің байланысы бар ма деген сұрақ қойылды. Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде ұлттық бюрода екі қылмыстың өзара байланысын дәлелдейтін мәліметтер жоқ", - деп қысқа ғана жауап берді агенттіктің ресми өкілі Жанна Бастарова.

Айта кетсек, өткен айдың соңында білім және ғылым министрлігіне қарасты ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов екі айға қамалған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның ақпаратына сәйкес, орталық басшысы ірі көлемде пара алған.

Тағы оқыңыз: Эльмира Суханбердиеваның не үшін ұсталғаны белгілі болды

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева да екі айға қамауға алынды. Оның ісі қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша тергеліп жатыр.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен білім және ғылым вице-министріне қатысты лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану, пара алу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бір эпизод бойынша қылмыстық іс 2016-2018 жылдары жасалған. Сот санкциясымен білім және ғылым вице-министріне күзетпен ұстау шарасы қабылданды. Тергеу жалғасуда. ", - деді Бастарова баспасөз мәслихатында.

750
Кілт сөздер:
Ұлттық тестілеу орталығы, вице-министр
Тақырып бойынша
"Аузыңды жап!" Алматыда қорлық көрген мұғалімдер шу шығарды
"Тәртіп орнатыңыз": білім министрі Нығматулиннен сөз естіді
Білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауға алынды
Әйтімова қамауға алынған вице-министр туралы: жаным ашып тұр
Тестілеу орталығындағы шу: білім министрі отставкаға кете ме?
Загрузка...